«Көзі, құлағы, мұрны құрттаған»: Шымкентте жас әйелді 16 жастағы жігіт зорлап өлтірді
Фото: Жеке архивтен
Шымкентте мәйіті қоқыстан табылған Диана Оңғарбаеваны жақындары ақтық сапарға шығарып салды. 26 жастағы 2 қыздың анасын 16 жастағы жігіт зорлап, кейін денесінің 24 жерінен пышақтап өлтірген. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тұңғышын жер қойнына тапсырған анасы көргенде өз перзентін танымай қалған. Көзі, құлағы мен мұрнынан құрт шығып жатқан келіншек он күн бойы сол пакетке оралған күйде көшеде жатыпты. Іздеуде болған оны полицейлер емес көше тазалаушылар тапқан.
«Қызды екі жерінен кеңірдегінен кескен. Машина сүртетін шүберекті тығып тастаған кеңірдегіне. Ол аз болса 24 жерінен пышақтаған. Өлтіріп жатқызып қойып, ойыншық ұқсатып пышақты тығып отырған. Оны азаптап, өлтіріп, зорлап, пакетке салып, оның сыртынан скотчтап орап... Байқұс оныншы күн дегенде табылып тұр. Құрт жеп тастаған», — дейді марқұмның әпкесі Әлия Ақбарова.
Он күннен бері із-түзсіз кеткен қыздарын келер деп күткен Оңғарбаевтар отбасы қазір ес жия алар емес. Өйткені әлпештеп өсірген тұңғышын қаскөйлер азаптап өлтірген. Алдымен зорлап, кейін денесінің сау-тамтығын қалдырмаған деп зар жылайды туыстары. 26 жастағы келіншектің бар жазығы - маңдай-терімен істеген жұмысының ақысын сұрағаны екен.

«Үй жинауға тазалықшы керек деп шақырған. Күндік жұмыс. Бұл қыз сол адреске барған. Сөйтсе ол бала қылмысын алдын ала жоспарлаған болып тұр ғой. Жігіт айтқан екен. «Үйді тазалап болғаннан кейін ақшаны мамам салады» деп. «Мамамды күтіп отырмын» деп қызды жібермей ұстап отырған екен. Диана әпкем анасына өзінің телефонымен хабарласқан кезде жігіт пышақтап үлгерген», — дейді марқұмның сіңлісі Айдана Оңғарбаева.
Қара жамылған отбасы полицияның іздеуге дер кезінде кіріспегеніне де күйінеді. Олар Диана жоғалған 21 шілде күні-ақ арызданғандарын айтады. Алайда құзырлы орган өкілдері оны араға бір апта салып у-шумен тіркепті. Оның өзінде мәйітті полицейлер емес, қоқысты алып кететін жұмысшылар 31 шілдеде көріп, хабарлаған.
«Дүйсенбі күні барамын. 21-нен 28-не дейін ешқандай нәтиже жоқ қой. Не қыз бар, не жоқ. Сонда сол кісілер не істеп жүрді? Сонда айтқан жауап сөздері күйеу балаңыз арыз жазған жоқ дейді. Арыз жазып алып қалмаған. Іздеуге де кіріспеген. Дүйсенбі күні жазам, 28-і күні жазамын. Болғасын олар өзіме «Уайымдамаңыз екі күнде тауып береміз» деді. Ол қыз тірі деді. Қайда, тірі қыз?», — дейді марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева.


Туыстары күдіктіні де полицияға өздері тауып бергенін айтады. Ол Диана жинауға барған үйді жөндеп жүрген жұмысшы екен. Марқұмды Telegram арқылы жұмысқа шақырған да сол кәмелет жасына толмаған күдікті дейді. Қазір ол «адам өлтіру» бабы бойынша жауапқа тартылып, қамауға алынған.
«Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — дейді Шымкент қаласы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиев.
Азаппен ажал құшқан Диананың жақындары болса бұл іске тағы үш адамның қатысы барына сенімді. Өйткені марқұмның ұялы телефонын сатуға екі адам барыпты. Айта кетейік, марқұмның артында 2 және 4 жастағы қыздары мен күйеуі қалды. Ерлі-зайыпты нәпақа табу үшін қалаға келген екен.
Айта кетейік, Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованы күйеуі жантүршігерлік жағдайда азаптап өлтірді. Қайғылы оқиға 22 маусымда Ақсу ауданы Баласаз ауылында болған.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- Жамбыл облысында медфармбақылау департаментінің басшысы пара алып, ұсталды
- «Қайрат» «Ордабасыны» жеңді: Ойын соңы жанжалға ұласты
- Windows-тың пираттық нұсқаларын қолдану қиындайды: Microsoft жаңа қорғаныс жүйесін енгізеді
- «Алтын доп» жүлдесінің басты фавориті анықталды
- Берлинде көлік шеруге шыққандарды қағып кетті: бір адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды
- Футбол чемпионаты Құрылтай сайлауына байланысты кейін шегеріледі
- «Бурабайда» екі өрт тұтанып, сөндіруге тікұшақ шықты
- Трамп Иранға жасалатын соққыны тоқтатуға бұйрық берді
- Алматыда полиция электросамокат иелеріне үндеу жасады
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды