«Көтерілді»: Оралдағы «Құс фабрикасы» серіктестігінің тұрғындары жолды жапты
Фото: Sarapshy.info
3 ақпан кешкі сағат 19:00 шамасында Орал қаласының іргесіндегі «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары мәселелеріне назар аударту үшін іргелеріндегі айналма жолды жапты, деп хабарлайды Orda.kz Sarapshy.info сайтына сілтеме жасап.
Бұл өңірде тәулік бойы жарық болмаған. Айтуларынша, бұрынғы серіктестік төрағасы жарықтың ақшасын электр желілері компаниясына төлемей кеткен.
Дәл қазір аудан тұрғындарының «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ына қарыз мөлшері 71 млн теңгеге жеткен. Сол себепті таңертеңгі сағат 11:00-ден бастап ауданның жарығын өшіріп тастаған. Шамамен бұл ауданда екі мың екі жүзден астам үй бар.
Бау-бақша серіктестігі болып саналғандықтан мұнда 1 кВт/сағ электр энергиясының құны қазіргі уақытта - 32,60 теңге. Ал Орал қаласы бойынша орташа тариф — 28,16 теңге.
Қыстың күні жарық пен жылудың өшкеніне наразы халық жиналып, шағымдарын білдіріп жатыр.
Тұрғындардың айтуынша, осы уақытқа дейін электр энергиясының ақшасын ауданның бұрынғы төрағасы Асылбек Қабесовтың Kaspi нөміріне аударып отырған. Кей жағдайда серіктестік төрағасы отырған кеңсеге барып, қолма-қол төлеп те жүрген.
«Құс фабрикасы» ауданының бес жылдан бергі тұрғыны Әзиза бұрынғы төрағаның кезінде өшпеген жарық, енді неге өшеді дейді. Осы уақытқа дейін бұрынғы төрағадан қарыздың сұрауы болмағанына таңғалады.
«Қыстың күні үйдің іші салқын. Балалар сабақтан келді. Халық ашынғаннан осында шықты. Бұрынғы төрағаның қарызы жабылмай, жарықты қоспаймыз дейді. Осы уақытқа дейін бұрынғы төраға қарызды неге жаппаған? Оған неге халық кінәлі? Бізде жеке шот жоқ. Бұрынғы төраға Асылбек Қабесовтың шотына немесе конторға келіп, қолма-қол төлеп жүрдік. Халық қарыз емес. Ай сайын жарықтың, газдың ақшасын төлеп тұр. Қалалық электр желілері бастығынан сұрап жатырмыз, олар осы уақытқа дейін бұрынғы төрағадан неге сұрамаған? Есеп сұрамай ма? Ал қазір жаңа төрағаға келіп, «жарықты өшіреміз, сендер мына қарызды төлеуге міндеттісіңдер» деген нәрсені неге қойып тұр ?», — дейді тұрғын.
Ал Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясының Бақылау және есеп жөніндегі директор Рүстем Нұрболатұлы шағым түскеннен кейін жарықты өшіріп тастағанын айтады. Әр тұрғынға жеке шот ашу үшін техникалық талап керек дейді.
«Бізге Зашагандағы бау-бақша серіктестігінің электр қуатын өткеру жөнінде 72 млн теңге қарызы бар екені туралы шағым түсті. Біз жарықты сол үшін өшіріп тастадық. Шарт бойынша тек он трансформатор бар. Сол он есептегіш құралы бойынша төлем шығады. Біздер әрбір үйге кіре алмаймыз. Әрі қарай әрекетті әкімдік шешу керек», — дейді ол.
Ал «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің қазіргі төрағасы Асхат Әнесұлы әлі «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-мен келісімшартқа отырып үлгермегенін айтады:
«Қазіргі халықтың көтеріліп жатқан себебі — РЭК-ке («Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС) осы аудан тұрғындарының жарыққа қарызы. Маған дейінгі тағайындалған төраға Асылбек Қабесов ақшаны РЭК-ке төлемей келген. Қазіргі кезде ол 71 млн теңге болған. Олар келді де, жарықты өшіріп тастады. Ал мен ақшаны төлеп үлгерген жоқпын. Маған төле деп жатыр. Мені әлі РЭК-пен келісімшартқа отырған жоқпын», — дейді ол.
Жаңалықтар
- Жұмбақ өлім: «Баламды қасақана өлтірді» — Ерзаттың анасы
- Астана қаласының әкімі президентке іске асырылып жатқан жұмыстар мен болашақ жоспары туралы баяндады
- Түрікменстанда жаһандық және өңірлік қатерлерге қарсы іс-қимыл талқыланды
- Ұлттық банк Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арнап коллекциялық монеталар шығарады
- Қазақстан KazSat-тан айырылса Starlink-ке тәуелді болып қалуы мүмкін: Депутаттар дабыл қақты
- 71 млн теңгелік пәтер: Алмасбек Садырбай ісінде жаңа деректер шықты
- АХҚО сотының «Газпром» мен «Нафтогаз» ісі бойынша шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды
- Қостанай облысында 14 жастағы жасөспірім бәстесіп суға секіріп, қаза тапты
- Венесуэлада 1300-ден астам тұтқын түрмені басып алды
- Ұрлықтың алдын алу шарасы күшейтілді: Фермерлерге арналған жағармай үш түске боялды
- Ақтау әуежайында асқазанына салмағы 1 келі болатын 114 капсула апиын жұтып, елге кірмек болған шетел азаматы ұсталды
- 27-29 мамыр күндері Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді
- Елімізде қатерлі ісік пен сирек ауруларға қарсы дәрі шығарылады
- Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты: науқастар эвакуацияланды
- Атырау облысында жасөспірімдер екі қатарласын соққыға жықты
- Ресей шекарасы маңында белгісіз дрондар байқалды: БҚО тұрғындары алаңдаулы
- Қытай ғарыш тарихында жаңа миссия: «Шэньчжоу-23» ғарыш кемесі ұшырылды
- БҰҰ-ның Гаагадағы халықаралық соты ереуілге шығу құқығы туралы шешім шығарды
- ШҚО тұрғындары мен ұйымдарының коммуналдық қарызы 1,5 млрд теңгеден асқан
- ИРСК: Ормуз бұғазы арқылы бір тәулікте 35 кеме өтті