Қосымша құн салығына өтемақы төленетіні туралы ақпарат тарады
Сурет: Егемен Қазақстан
Еңбек министрлігі қосымша құн салығы өтемақысы туралы қауесетті жоққа шығарып, әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ, деп нақты айтты.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС бойынша өтемақы төлеу туралы қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Мессенджерлерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС өтемақы төлеуді енгізді деген жалған ақпарат таралуда. Бөлінген қаражатты аудару үшін белгісіз біреулер сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Онда осындай әлеуметтік көмек түрі көрсетілгенін хабарлама бар. Хабарламада көрсетілген сілтеме шабуылдаушыларға пайдаланушының жеке деректерін алудың бір тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтарға алданбау үшін ешбір жағдайда сілтемені баспауға кеңес береміз» делінген хабарламада.
Қажетті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы таратылады.
Еңбек министрлігі қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздерінен алынған хабарламаға сенуге шақырады және жалған ақпарат таратқандар заңмен жазаланатынын еске салады.
Жаңалықтар
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
- Алматыда қар көшкіні мен тас құлау қаупі: ТЖД ескерту жасады