Қосымша құн салығын көтеру қажет - үкімет басшысы
Фото: Primeminister.kz
Премьер-министр қосылған құн салығы мөлшерлемесін көтеру керегін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін, 28 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Отырыста баяндама жасап, сөз сөйлеген премьер-министр Олжас Бектенов құн салығы туралы сөз қозғады.
Елімізде қосымша құн салығын 12-ден 20-% өсіру көзделген. Қазақстан қосылған құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді қарастырып жатыр екен.
Премьер-министр бағалардың күрт өсуіне жол бермейтінін атап өтті.
Үкімет қосымша құн салығының шегін 78 млн-нан 15 млн теңгеге түсіруді ұсынып отыр. Соның негізінде 300 мың-нан астам салық төлеуші пайда болады екен.
Бүгінгі таңда тіркелген 2,3 миллионнан астам салық төлеушілердің 137 700-і бизнес субъектісі ретінде қосымша құн салығын төлеуі керек. Бұл барлық тіркелген қазақстандықтың 6%-ын құрайды. Бірақ олардың тек 88 мыңы қосымша құн салығын төлейді.
«Біз ҚҚС шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз. Бұл сегментке айтарлықтай әсер етпейді деп ойлаймыз. Кейбір елдерде шекті деңгей одан да төмен. Осының арқасында қосымша 300 мыңға жуық жаңа салық төлеушілер пайда болады», - дейді үкіметтегілер.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасы туралы өз пікірін айтты.
«Бұл тақырып бойынша жақсылап түсіндіру жұмыстарын жүршізу керек. түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Реформа қажет, бірақ оны жан-жақты талқылау маңызды. Сіз 2025 жылы салық кодексіне, бюджет кодексіне назар аударуыңыз керек. Қателесуге болмайды. Реформа қажет екенін растаймын, бірақ әлеуметтік салық жүйесі дұрыс әрі тиімді болуы керек», - деді мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық