Костромада Ұлттық ұлан сарбазы баланы ажалдан құтқарды
Фото: ІІМ
Ресейдің Кострома қаласында жүрген ұлттық ұлан терезеден құлауға шақ тұрған баланы ажалдан арашалап қалды.
Бұл туралы ІІМ хабарлады.
8 маусым күні кешкісін Жандос Нұрахметов Галичская көшесінің бойында баласымен серуендеп келе жатқан. №51 үйдің қасынан өткенде екінші қабаттың терезесінде тұрған 4-5 жасар баланы байқап қалады. Баланың ашық тұрған терезеден ойыншықтарды, киім-кешектерді, сөмкелерді лақтырып жатқанын көреді.
«Мен өтіп бара жатқан тұрғындардан бала мен оның ата-анасы туралы сұрай бастадым. Сосын бала ішке кіріп кетуі үшін онымен әңгімелесіп көрдім. Бірақ бала сөзімді елемеді. Сәлден соң көшедегі бір әйел бұл баланың цеберальді ауруы бар екенін айтты. Осы кезде бала терезенің сыртқы басқышына шықпақ болып, құлап кете жаздады. Мен дереу әке-шешесі естісін деп айқайлай бастадым да, құбыр арқылы екінші қабатқа көтерілдім. Баланы құтқарып пәтерге кіргенімде үйде ешкім жоқ екенін көрдім. Сосын баланы алып шығып, әке-шешесін танитын басқа тұрғындарға аманаттап кеттім», — деді Қазақстан Ұлттық ұланының офицері.
Айта кетейік, подполковник Жандос Нұрахметов Ресейдің Кострома қаласындағы С.К.Тимошенко атындағы әскери академиясының студенті. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған академияда Қазақстаннан алты курсант, екі студент және бір адъюнкт білім алуда. Подполковник Нұрахметовтың өзі 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 (Алматы облысы Қаракемер ауылы) әскери бөліміне оқуға түсті, дәл осы айда аталған оқу орнын бітірді. Қазіргі таңда отбасынн құрған, бір жарым жасар ұлы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық