Костенкодағы 46 кеншінің қазасы: бүгінгі сот процесі өтпейтін болды
Коллаж: Orda.kz
Костенкодағы 46 кеншінің қазасына қатысты сот процесі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, жарылыс кезінде 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы трагедияны тергеу 17 ақпанда аяқталған. Кейін іс сотқа жолданды. Барлығы 74 адам зардап шекті деп танылған, онда қаза болғандардың туыстары мен зардап шеккен кеншілер бар. Қылмыстық іс 120-дан астам томды материалдарды қамтыды. Сотталушылар қатарында 10 адам бар.
Оларға қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жағдай) бойынша айып тағылған.
Басты сот талқылауы бүгін басталуы керек еді. Алайда 13 наурыз сағат 10:00-ге шегерілді. Бұған сотталушылардың бірінің адвокатының сот отырысына келмегені себеп болды.
Қайғылы оқиға 2023 жылдың 28 қазанына қараған түні 700 метр тереңдікте болды. Метанның алғашқы жарылуы тізбекті реакцияны тудырып, 33 шахтер жарақаттан, 13-і көміртегі тотығымен уланудан қайтыс болды. Тағы 28 адам жарақат алды.
Жаңалықтар
- Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға қатысты жазадан құтылды
- Көпмиллиардтық қаражатқа салынып жатқан Ертіс үстіндегі көпір тағы өртенді
- Тоқаев Израиль президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- Астана қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды
- Көпжылдық сенім қылмысқа ұласты: Жетісу тұрғынының 46 млн теңгеге бағаланған малы ұрланды
- Маңғыстау даласын қоқыс жапты: Аймақ даулы бейнежазбадан кейін тазартылды
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған