Костенко атындағы шахтада қаза болғандар саны 35 адамға жетті
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жарылыстан кейін 29 қазан күні таңертең 29 мәйіт жер бетіне шығарылды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 29 қазан күні сағат 9:00-дегі мәліметі бойынша 35 адамның мәйіті табылды, оның 29-ы жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Апаттық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ЖШС Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының 10 тау-кен-құтқару бөлімі жұмылдырылған.
Газ жағдайына бақылау жалғасуда.
Қарағанды облысында 28 қазанда Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.
Оқиға орнына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барды. Ол зардап шеккен және қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен кездесті.
Бұған дейін мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ меншік құқығын Қазақстанның пайдасына беруді түпкілікті құқықтық ресімдеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жаңалықтар
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды
- Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
- Қарағанды облысында жол апатынан екі мотоцикл жүргізушісі қаза тапты