Костенко атындағы шахта: қайтыс болған кеншілердің отбасыларына мемлекет пен АМТ қандай көмек көрсетті?
Бұл туралы брифингте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде 42 отбасы бірыңғай зейнетақы қорынан жерлеуге арналған біржолғы төлемді алса, қалғандары төлем алуды жалғастыруда.
«Республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы кәмелетке толмаған балалары мен жоғары оқу орындарында оқитын балалары бар 20 отбасына тағайындалды. Бұдан бөлек, қаза тапқан кеншілер отбасына басқа да көмектер көрсетіледі» деп атап өткен әкім, Президент берген тапсырмалардың барлығы орындалатынын жеткізді.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы 41 отбасына он жылдық жалақы төледі. Қайтыс болған кеншілердің жұбайының, ата-анасының, бала-шағасының алған несиелері де өтелді.
«Сонымен қатар, АМТ әрбір отбасы мүшесіне кемінде 18 шаршы метр пайдалы алаңы бар пәтер сатып алуға міндеттенеді. Сақтандыру төлемдері мен ЖОО-дағы 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысы қараша айынан бастап төлене бастайды», - деді Бөлекпаев.
Қазір жараланған он кенші ауруханаларда емделіп жатыр. Олардың жағдайы орташа ауырлықта.
Костенко шахтасында жарылыс 28 қазанға қараған түні болды. Ол 46 кеншінің өмірін қиды. Бұған дейін қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық