Қостанайлық тұрғын медицина автокөлігін ұрлады

19 қыркүйек түнінде Қостанай қаласында белгісіз ер адам медицина автокөлігін ұрлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Автокөлік тұрғын үйдің ауласынан ұрланды. Ал полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқасында күдіктінің кім екенін анықтап, ол қала орталығында ұсталды.
«Ұстап жатқанда 39 жастағы жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Алайда ол медициналық тексерістен бас тартты», деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Сот істі қарағанда полицияның заңды талаптарын орындамағаны үшін күдіктіге 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, ол сегіз жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Ал автокөлікті ұрлағаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылып жатыр.
Жаңалықтар
- «Дереу жұмыстан қуылады»: Қырғыз билігі мемлекеттік қызметкерлерді жазалайтын жаңа әдіс ойлап тапты
- Қарағандыда Назарбаев даңғылына қарсы петиция жарияланды
- Депутат елімізде «шетел агенттері» туралы заң қабылдауды ұсынды
- Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімі: ІІМ экс-басшысы Мұхамеджанов тергеуде не айтты?
- Түркияда қазақстандық азамат қаза тапты
- Ресей қауіпсіздік кеңесінің басшысы келіссөздер бойынша Астанаға келді
- Алматыда қоқысты қайта өңдеу аумағында әйелдің денесін бөлшектеп кеткен
- Ақтауда 18 жастағы мүгедек ұл бала зорланды
- Құлыбаевтың құлқында кеткен 1 млрд доллардың қайтуына қатысты Бас прокуратура нақты жауап қатпай отыр
- Жамбыл облысында полиция қызметкері көз жұмды
- Саяси террор құрбаны: Алтынбек Сәрсенбаевтың кітаптары жарық көрді
- Абай облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен ер адам ұсталды
- Дариға Назарбаеваның ұлы «Транстелекоммен» қош айтысты
- Израиль премьер-министрі Газадағы соғысты қайта бастаймын деп қорқытты
- Балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев дүниеден озды
- Медициналық мекемеде өрт шықты: қаза тапқандар бар
- Кішкентай баланы пышақтаған жасөспірім қыздарға да емеурін танытқан
- Астанада лифт ішінде пышақталған балаға ота жасалды
- Астанада жасөспірім лифт ішінде 5 жасар баланың бетіне пышақпен жарақат салды
- Әлия Назарбаеваның ісі халықаралық деңгейге шықты