Қостанайлық диджейге қатысты сот үкімі шықты
Фото: Наша газета
Костанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы жергілікті James Bond барының диджейі Игорь Фоминыхқа қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, оны бұрын 2 рет кінәсіз деп таныған болатын. Оқиға 2023 жылдың мамыр айында болды. Костанайдың «Наша газета» басылымының жазуынша, жанжал барға мас болып келгендер мен бар күзетшісі Валентин Лысенко арасында туындаған. Ол ішімдікке сылқия тойып алған келушілерді барға жіберуден бас тартқан. Осыдан кейін олар сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Сот нұсқасы бойынша, төбелестің бір қатысушысы, бар диджейі Игорь Фоминых Біржан Жүнісов деген ер адамды жұдырығымен ұрады. Соққыдан асфальтқа басымен құлаған ер адам қайтыс болды. Алайда, Фоминыхтың айтуынша, ол төбелес болған жерге күзетшіні қорғау үшін келген.
Бастапқыда Қостанайда өткен 2 соттың нәтижесі бойынша диджейге ақтау үкімі шыққан болатын. Соның бірінде «ресми кешірім сұрау» мазмұнымен ақталды. Бірақ тамыз айында іс қайта сотқа жіберілді. Бүгін жаңадан қабылданған шешім бойынша Фоминыхтың соққысы Жүнісовті құлатып, соның салдары өлімге себеп болғаны айтылды.
«Жәбірленуші Ж. тарапынан Ф. үшін өмірі мен денсаулығына нақты қауіп болмады. Ж-ны ұру қажеттілігі жоқ еді. Осылайша, Ф.-ның төбелес барысындағы әрекеті бойынша кінәсі толық дәлелденді» делінген сот хабарламасында.
Нәтижесінде Игорь Фоминых 1,5 жылға сотталып, қауіпсіздігі аз колонияға жіберілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық