Қостанайдағы президент резиденциясы балаларды оңалтатын орталыққа айналады
Фото: Видеодан кадр
Қазақстанның солтүстігінде орналасқан бұрынғы президент резиденциясы жақын арада ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы ретінде жұмысын бастайды, деп жазады Orda.kz.
24.kz телеарнасы хабарлағандай, жеті ғимараттан тұратын кешен балалардың ем қабылдап, тұрақты тұруына бейімделіп жатыр. Жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 352 миллион теңге бөлінген. Ал оңалтуға арналған құрал-жабдықтарды сатып алуға «Қазақстан халқына» қоры 1 миллиард теңге бағыттаған.
Орталық 2025 жылдың күзіне қарай ашылады деп жоспарланып отыр. Мұнда психоневрологиялық бұзылыстары бар және тірек-қимыл аппараты зақымданған 18 жасқа дейінгі балалар емделе алады. 60 орындық мекеме жылына шамамен 1200 балаға қызмет көрсетуге қауқарлы.
Облыстық әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мекебаева орталықтың ерекшелігіне тоқталды.
«Бұл орталықтың бірегейлігі неде? Біріншіден, 20 гектарлық аумақ жасыл желекке оранған. Яғни, бала ата-анасымен табиғат аясында демалып, күш-қуат жинайды. Екіншіден, қымбат, заманауи оңалту құрал-жабдықтары балалардың денсаулығын түзеуге игі септігін тигізеді деген ойдамыз», — деді ол.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық