Қостанайда жол жөндеу жұмыстары бақандай бес жылға созылды
Фото: ng.kz
Жергілікті тұрғындар Қостанай әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарласқаннан кейін ішінара жөндеу жұмыстары басталған, бірақ көп өтпей жолдың жағдайы қайтадан нашарлады, деп хабарлайды Orda.kz Наша газета басылымына сілтеме жасап.
Әл-Фараби даңғылы 141/1-6 мекенжайындағы тұрғын үйлер арасындағы жолды жөндеу жұмыстары бесінші жыл қатарынан жүргізіліп жатқанына тұрғындар наразы.
Оның үстіне биыл да өткен жылдардағыдай жол ешбір дайындықсыз жөнделіп жатыр: бұрын су басқан, жаңбырдан кейін кеуіп қалған жерге суық асфальт төселген.
Бұлай жөнделген жолды қыс пен көктемгі су ағыны қайтадан шайып кетеді, деп ашулы жергілікті тұрғындар.
«Содан кейін жол тұтас батпаққа айналады, адамдар не өте алмайды, не жете алмайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың су сорғышы келіп, бір мезгілде 3-4 көлікпен сорып, бір жаққа алып кетеді. Судың көптігі сонша, бұл жерде су сорғыш көліктер апталап тұрады. Бұл жерде жаяу жүргіншілер жолы да жоқ, бірақ ол Әл-Фараби даңғылы деген дардай аты бар», - дейді тұрғын Анатолий Чернушка ашуланып.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жолды қиратып жатқан ірі көліктер.
Бүгінде 141/1-6 үйлердің арасына қиыршық тас төселіп, жолдың басқа бөліктері – вокзал жағы мен № 141/13 үй маңы асфальтталған.
Жылдар бойы мәселе шешімін таппағандықтан, халық БАҚ өкілдерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
Наша газета басылымының сауалына Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, электрмен жабдықтау және АЖ бөлімі басшысының орынбасары Алтынбек Қайратұлы «асфальт төсеу жұмыстары 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізіледі және ол бюджет қаражатының бөлінуіне байланнысты» деп жауап берген.
Жаңалықтар
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
- Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, ағаш отырғызды
- Макрон Еуропаны «оянуға» шақырып, Ресей, Қытай мен АҚШ қарсылығын еске салды
- Ату жазасы АҚШ-та өлім жазасын орындау тәсілі ретінде қайта енгізілді
- Абай облысында жүргізушіге ескерту жасаған шекарашыны ұрып кетті
- Ақ үй Уиткофф пен Кушнердің Пәкістанға бет алғанын растады
- Талдықорғанда асханада болған жанжал әйел өлімімен аяқталды
- Алматының арықтары нөсер жаңбырды ағыза алмайды, әкімдік не дейді?
- Түркістан облысында турнирге бара жатқан балалар жолда опат болды
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді