Қостанайда жаттықтырушы бюджет қаражатының 5,9 млн теңгесін қалтасына басты
Фото: envato
Қостанай облысында «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ балалар мен жасөспірімдер командаларының шорт-трек жаттықтырушысы бюджет қаражатын 2022 жылдан бері жымқырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz.
2022 жылдың қазанынан 2024 жылдың қаңтарына дейін жаттықтырушы шығындарды өсіріп, жалған аванстық есеп жасаған. Сонымен қатар, спорттық жиындар мен жарыстарға қатыспаған спортшыларды тізімге қосып, түскен ақшаны иемденіп отырған. Ұрланған қаражат сомасы 5,9 млн теңге болды.
«Кейіннен ұрланған ақшаны депозиттік шотқа аударып, заңды айналымға енгізіп, ай сайын 9,6% мөлшерлемемен сыйақы алып отырған», делінген хабарламада.
Пайыздық сыйақы түріндегі табыс сомасы 613,1 мың теңге.
Жемқорлықты тергеу бюросының мәліметінше, айыпталушының әрекеті ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 1-бөлігі бойынша сараланады. Бұл үшін мүлікті тәркілеу, белгілі бір лауазымдарды атқаруға 6 жылға дейін тыйым салу және 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза беріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық