Қостанайда виртуалды нөмірлерді сатқан алыпсатар ұсталды
Фото: ІІМ
40 жастағы Қостанайлық виртуалды нөмірлерді сатқан алыпсатар ұсталды
Қазіргі уақытта қозғалған іс шеңберінде абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды заңсыз құру, пайдалану, тарату фактісі тексеріліп жатыр. Бұл құқық бұзушылық үшін жарты миллион теңгеден астам ірі айыппұл немесе қырық тәулікке дейін қамауға алу көзделген.
«40 жастағы қостанайлық simbox көмегімен абоненттік нөмірлерді қосумен айналысқан. Бұл құрылғы қаскөйлердің өздерінің қылмыстық схемаларында қолдана алатын SIM-карталарын виртуалды тіркеуге арналған. Оған бір мезетте 64 Sim-карта қоюға және оларды виртуалды нөмірлерді сататын әртүрлі интернет-сайттарда қосуға болады. Мысалы алынған бокстардың бірінен абоненттік нөмір бойынша сәйкестік анықталды. Оған алаяқтар WhatsApp-ты тіркеп, өздерін мемлекеттік қызметші ретінде таныстыра отырып, адамдарға қоңырау шалған»,– дейді Cyberpol бөлімшесінің бастығы Олжас Мағыпаров
Қостанайлық тұрғын 300-350 теңгеден Sim-карталарды көтерме бағада сатып алып, олар simbox арқылы іске қосылғаннан кейін бірнеше рет интернетте қайта сатып отырған. Ол абоненттік нөмір сататын сайттардың бірінде сатушы ретінде тіркелген. Оның осы нөмірлерді пайдалану құқығы үшін әкімшіге ақшалай сыйақы бергені анықталды. Алыпсатардан 9 құрылғы, 3 ноутбук және 1500 Sim-карта тәркіленді. Ведомстводағылар тұрғындарды өздерінің жеке банктік шоттарын, карталарын және ЖК деректемелерін үшінші тұлғаларға сатпауға шақырады. Оларды алаяқтар жеке мақсатта пайдалана алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық