Қостанайда терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғын ұсталды
Фото: ІІМ
Қостанайда 30 жастағы жергілікті тұрғын БАҚ арқылы діни араздық тудырғаны үшін ұсталды.
Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлайды.
Қостанайлық радикал БАҚ арқылы терроризмді насихаттағаны үшін 12 жылға, ал діни араздық қоздырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
«Радикалды діни идеологияcын ұстана отырып, ол өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерінің азғындығын насихаттайтын және діни негіздегі зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан», – деді департамент басшысы міндетін атқарушы Сәбит Ыбырайымов.
Сондай-ақ ол бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.
Жаңалықтар
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Қауіпсіздік сақталмаған: Талдықорғандағы клиникада бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді
- Алматыда аялдамада белгісіз адам зейнеткерді есінен танғанша ұрды
- Зеленский: Украина Таяу Шығыс елдерімен бірге ұшқышсыз ұшатын аппарат шығарады
- Блогер Руслан Жанпейісов полицияға бағынбау ісі бойынша ақталды
- Президент БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті, Оман премьер-министрі орынбасарын марапаттады
- Кентауды нөсер жаңбырдан кейін су басты