Қостанайда өгей әкесі жасөспірімді анасының көзінше балғамен аяусыз ұрып өлтірді
Фото: Orda.kz
Қостанайда өгей әкесінің қолынан қаза тапқан 16 жастағы Данияр Нұрғалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Жасөспірімді аса қатыгездікпен өлтірген ер адам марқұмның анасымен бірге тұрған, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам ұйықтап жатқан жасөспірімге балғамен шабуыл жасаған. Балғаның сабы сынған соң, ол ас үйден пышақ пен қазанды алып, солармен ұрған. Қанды оқиға Даниярдың анасының көз алдында болған. Айыпталушы бұл әрекетке қызғаныштан барғанын, әйелден осылайша кек алмақ болғанын айтқан.
Бастапқыда бала анасын қорғауға тырысқан деген ақпарат тараған еді. Алайда сот барысында оның оқиға кезінде ұйықтап жатқаны және ешқандай қарсылық көрсете алмағаны анықталды.
Қылмыс 2025 жылдың қаңтарында болған. Оған дейін бірнеше сағат бұрын ер адам қолын тілгілеп тастап, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оны стационарға жатқызудан бас тартып, үйіне қайтарған. Осыдан кейін ол ауыр қылмысқа барды.
Сотталушы сот залына кірер алдында қатаң тексерілді. Бұл оның өзін-өзі өлтіруге бейімділігіне байланысты қабылданған сақтық шарасы ретінде бағаланды.
Прокурор айыпталушыға бұған дейін ұрлық үшін сотталғанын ескере отырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот бұл талаппен келісті.
«Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі 3, 5 және 14-тармақтары, сондай-ақ 108-1-бабының 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, айыпталушыға 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаның алғашқы бес жылы толық қауіпсіздік режиміндегі мекемеде, қалған 15 жылы — аса қауіпсіздік мекемесінде өтелсін. Оның әрекеті қауіпті рецидив ретінде танылды», — деп үкімді судья ЖанарьТілеубаева оқыды.
Сонымен қатар, сот Қостанай облыстық ауруханасының медицина қызметкерлеріне қатысты жеке қаулы шығарды.
«Медициналық қызметкер заңда белгіленген міндеттерді орындамаған. Айыпталушыны ауруханаға жатқызу үшін қажетті шаралар қабылданбаған. Нәтижесінде, ол бірнеше сағаттан соң өзіне және айналасындағыларға қауіп төндіретін әрекетке барған. Осы салғырттықтың салдарынан жасөспірім аса қатыгездікпен қаза тапты», — деді судья.
Айыпталушы сотта кінәсін мойындап, қаза болған баланың туыстарынан кешірім сұрады. Алайда жасөспірімнің анасын «осындай жағдайға жеткізді» деп айыптады. Үкім оқылған соң, сотталушы судьяға өмір бойына бас бостандығынан айырмағаны үшін алғыс білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық