Қостанайда автобустан жығылған зейнеткер 700 мың теңге өндіріп алды
Фото:Pexels
Қостанайда автобустан жығылған зейнеткер тасымалдаушыдан 700 мың теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Orda.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл наурыз айында аялдамадан жүргізуші автобустың есігі ашық тұрғанына қарамастан жүріп кетіп, салдарынан қарт әйел жығылған болатын. Зейнеткер орташа дәрежедегі дене жарақатын алды. Тергеу жүріп жатқан уақыт аралығында автобус жүргізушісі қайтыс болды. Бұдан кейін жәбірленуші моральдық шығынды өтеуді талап етіп, жүргізуші жұмыс істеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысына жүгінген.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кез-келген зардаптың орнын толтыру міндеті заңды тұлғаға немесе жекелеген азаматқа жүктеледі. Оның денсаулығына зиян қандай санатта тисе де өтелетін болады. Өйткені жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік қауіпті», — деп түсіндірді сот.
Нәтижесінде сот ЖШС-нен моральдық зиянды өтеу ретінде жәбірленушінің пайдасына 700 мың теңге өндіру туралы шешім қабылдады.
Жаңалықтар
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған