Қостанай облысындағы ауыл тұрғындары 1 қыркүйектен бері байланыссыз және интернетсіз отыр
Фото: instagram.com/ainanews.kz
Қостанай облысының Надеждинка ауылында 1 қыркүйекте ұялы байланыс аяқ астынан өшіп қалды. Станцияда ақау болды, байланыс операторы сигналды тез қалпына келтіруге уәде берді. Алайда, уәде әзірге орындалған жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
Жергілікті «Айна» газеті ауыл тұрғындарының күрделі мәселесі туралы жазды. Басылымның жазуынша, ауыл тұрғындары бұл жағдайға қатты наразы болып отыр - олар қымбат тариф төлегендеріне қарамастан байланыссыз қалған.
Ауыл тұрғындары екі аптадан астам уақыттан бері телефон соғу мен интернетті пайдалану мүмкіндігінен қағылған.
«Тұрғындар осындай ыңғайсыздықтан шаршады: бүгінде өмірдің көп бөлігі мобильді интернет пен ұялы байланысқа байланғаны белгілі, хабар-ошарсыз қалу - үлкен мәселе. Несиені төлеу де, қоңырау шалу да оңай емес. Қазірдің өзінде адамға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайлар бар.
Дәрігерлерге бару және науқасты облыс орталығына апаратын көлік табу үлкен мәселеге айналды. Көп адам ақша үнемдеу үшін қалалық телефон байланысынан баяғыда бас тартқан» деп жазады басылым.
Тұрғындар интернет іздеген балалардың электр қосалқы стансасының жанына жиналатынын айтады – бұл қазір ауылдағы ұялы байланыс сигналы келіп тұрған жалғыз орын.
«Біздің мәселеміздің газет арқылы ресми түрде хабарланғанына бір апта өтті. Неге реакция жоқ? Қанша уақыт күтуіміз қажет? Мемлекеттік органдар, оның ішінде халыққа байланыс қызметтерін көрсетуді бақылайтындар қайда қарап отыр? Біздің екі тұрғын өткен аптада байланыс инспекциясына өтініш жолдады. Бірақ үнсіздік. Біздің мәселемізге ешкім мән бермейді» деп наразылықтарын білдірді тұрғындар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық