Қостанай облысында зират су астында қалды
Фото: Видеодан кадр
Қарасу ауданындағы айналма каналдағы су жағаға шығып, зиратты су басқан. Новоселовка ауылының тұрғындары күн жылығаннан кейін, өз үйлерін су басады деп қорқып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Ауыл тұрғындары су деңгейінің көтеріліп жатқанынан қауіптеніп отыр. Ауылдағы зиратты су басқан. Оның айналысына қазылған шұңқырдың да көмегі болмапты. 14 шақырымдық канал қоқыспен бітеліп, мұз қатып қалған екен.
«Олар не болатынын білмеді ме? Барлығы білді! Егер бұл зиратта туыстарының қабірлері болса, не сезінетінін көргім келеді. Жақында көптеген ескерткіштер орнатылды және олардың бағасы да арзан емес. Бірақ бұл мәселе емес. Әзірге өлгендерге зияны тиді. Дегенмен бір сәтте бүкіл елді мекенді су басуы мүмкін. Жауапты адамдар осы уақытқа дейін қайда болды? Неліктен жергілікті тұрғындар шу шығармайынша, ешкім қозғалмайды? Неліктен ешкім өз сөздері үшін жауап бермейді?», - дейді ауыл тұрғындары.
Төтенше жағдайлар департаменті жағдайды бақылауда ұстайтындарын айтып сендірді.
«Қарасу ауданының Новоселовка ауылында ауа-райының төмендеуіне байланысты су бұру арнасында мұз пайда болды. Сондықтан су арнаның шетінен өте бастады. Су зират аумағына жетіп, оны ішінара су басқан. Қазірде су басу тоқтады. Қазір канал тереңдетіліп, кеңейтілуде. Сондай-ақ суды Құндызды өзеніне өткізу үшін мұзды қопсыту жұмыстары жүргізілуде. Арнайы алты техника жұмылдырылды», деп мәлімдедітҚостанай облысы ТЖД.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық