Қостанай облысында тойда 150 адам уланып қалды
Фото: Pixabay.com
Қостанай облысының Арқалық қаласында той ортасында 150-ден астам қонақ жаппай уланып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде жазды. Тұрғынның айтуынша, оның ата-анасы да сол шараға қатысқан екен. Той Арқалықта «Жайна» мейрамханасында өтіпті.
«Кеше Арқалықта туысымыздың 60 жылдық тойы болды. 150-ден астам адам уланды, оның ішінде менің ата-анам да бар. Мейрамхана тарапынан болған салғырттықтан адамдар зардап шегіп жатыр» деп жазды ол Threads желісінде.
Қыздың айтуынша, тойға ат арытып келген қонақтар үйлеріне қайта алмай, бірден ауруханаға түскен.
«Қазір барлығы Торғай ауылында ауруханада жатыр тіпті оларға орын жетпейді. Адамдарды Арқалыққа немесе Қостанайға жіберіп жатыр», — деп хабарлады ол.
Orda.kz редакциясы бұл жағдайға байланысты Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ресми сауал жолдады.
Бұған дейін біз Екібастұзда да осындай жағдай болғанын жазғанбыз — жергілікті дәмханада өткен тойдан кейін 32 адам уланған. Олардың кейбірі жедел ішек инфекциясы белгілерімен ауруханаға жеткізілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық