Қостанай облысында мас жүргізуші полицейлерге оқ атты
Іс бойынша қос ұңғылы аңшы мылтығы, оқ-дәрі және алкогольдік сусындар тәркіленді.
Қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Сол күні құқық бұзушы күдікті деп танылып, Қарабалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 12 қарашада сағат 21:00-де Қарабалық ауданында Алматы-Екатеринбург тас жолының Приуральск кенті маңында полицейлер бүйір шамдарынсыз келе жатқан УАЗ көлігін байқаған. Полицейлерге жүргізушінің бұл әрекеті күдікті көрінді.
«Жүргізуші полицейлердің көлікті тоқтату туралы заңды талабына жауап бермей, рөлді басқара алмай, арыққа түсіп кеткен. Ол қашып бара жатып тәртіп сақшыларына қарай атыс қаруынан бірнеше рет оқ атқан. Жүргізуші көлікті тастап, қаруды алып, оқиға орнынан қашып кеткен» деп хабарлады ІІМ.
Ауданда «Дабыл» жоспары жарияланып, жеке құрам ескертілді.
Қостанай облысының полиция департаменті арнайы жасақ қызметкерлерінің қатысуымен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол досының пәтерінде мас күйінде ұсталды.
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы «Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу» бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Полиция жауап ретінде қару қолданбады, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ» делінген хабарламада.
Полицейлер ұсталған азаматтың бұрын полицияның көлікті тоқтату туралы заңды талаптарын елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық