Қостанай облысында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр
Фото: Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы
Қостанай облысындағы Боровское кенті аумағында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр.
Бұл туралы Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.
«2024 жылдың 18 сәуірінде Боровское кенті аумағында Меңдіқара аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларды өткізеді. Іс-шараның мақсаты террористік сипаттағы қауіп-қатер кезінде құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ терроризм актісі салдарын барынша азайту және жою» делінген хабарламада.
Штабта түсіндірілгендей, өтіп жатқан іс-шараларға байланысты Летунова-Королева-Тұрсынбай батыр көшелерінде көлік қозғалысын шектеу шаралары жүргізілуде.
«Азаматтардан сабыр сақтап, оқу-жаттығуларға қатысқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада бұл аумақта болудан және қозғалудан бас тартуды сұраймыз» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық