Қостанай облысында құрылыс компаниясынан 9 миллион теңге бопсаланған
Фото: darminaopel.ru
Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау нысандарын салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау жолымен "ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды жүзеге асыратын компанияның бас инженерінен, орындалған жұмыс актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін тоғыз миллион теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды.
"Тергеу әрекеттері барысында күдікті қолма-қол ақша алған кезде ұсталды. Заңсыз сыйақы мөлшері аталған объектілерді салу құнының жалпы сомасының бір пайызын құрады" деп хабарлады ведомстводан.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
"ҚР Конституциясының 77-бабы 3 – тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімі белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі" деп толықтырды ҚМА.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық