Қостанай облысында ет өңдеу кәсіпорны басшылығы ұйымдастырған топқа қатысты тергеу аяқталды
Қаржылық монторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті Beef Export Group ЖШС ет өңдеу кәсіпорны басшылығы ұйымдастырған топқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Олар ұзақ уақыт бойы "ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде мемлекет субсидия ретінде бөлген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысып, мемлекетке 3 млрд теңгеден астам шығын келтірген.
"Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілерден 107 млн теңге өндіріліп, 3,1 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынды. Қылмыстық схемаға 49 адам тартылған, олардың 13-і - ұйымдасқан топ мүшесі, оларға субсидияларды жымқыру, салық төлеуден жалтару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, лауазымды тұлғаларға пара беру және құжаттарды қолдан жасау бойынша айып тағылып жатыр" делінген хабарламада.
Ал ұйымдасқан топтың басшысы өзінің бақылауындағы компанияның қызметіне салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік қызметшіге қатысты зорлық-зомбылық әрекет жасады деген күдікке ілінді.
Сондай-ақ, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының 30 шаруа қожалығы басшылары мен өкілдері іс бойынша күдікті деп танылды.
"Бұдан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің үш лауазымды тұлғасы ақша ұрлауға және пара алуға жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Ветеринарлық жеті дәрігерге құжаттарды қолдан жасағаны, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені, сондай-ақ заңсыз сыйақылар алғаны үшін айып тағылды" деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді