Қостанай облысына Ресейден келген су қауіп төндіріп тұр
Фото: Тобыл-Торғай
Қостанай облысына күннің жылынуы мен Ресейден судың келуіне байланысты қауіп төніп тұр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Біз облыстың оңтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайының күрт нашарлауын, сондай-ақ облыс орталығы мен солтүстігінде күрделі су тасқыны жағдайын болжап отырмыз» деп хабарлады ТЖД.
Қарасу, Әулиекөл, Науырызым, Қамысты, Сарыкөл, Алтынсарин, Сарыкөл, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарына қауіп төніп тұр.
Сондай-ақ Ресей Федерациясынан ірі өзендер бойымен су келеді деп күтілуде, су ағыны өте жоғары, Жітіқара, Денисов, Қостанай, Қарабалық, Федоров аудандары мен Бейімбет Майлин ауданы қауіпті аймаққа жатады.
31 наурыздан бастап облыста ауа температурасы күндіз +20 дейін көтеріліп, аптаның ортасында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады деп күтілуде.
Төтенше жағдайлар департаменті әкімдіктерден су тасқыны қаупін азайту, халықты эвакуациялау орындары мен бағыттарын анықтау, сондай-ақ малды шығару, қажет болған жағдайда алдын ала халықты қауіпсіз жерге көшіру бойынша барлық қажетті шаралар кешенін жүргізуді сұрайды.
Тұрғындар аулаларындағы қарды шығарып, су ағатын арналарды қазулары керек. Ал қазірдің өзінде эвакуацияға дайындалу қажет.
«Егер су басу мүмкіндігі әлі де болса, электр қуатын, барлық жылыту құрылғыларын және т.б. өшіріңіз, қажетті жиһазды, электр жабдықтарын және жеке заттарды жоғарғы қабаттарға немесе шатырларға шығарыңыздар» деп қосты құтқарушылар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық