Қосшыдағы мектепте екі мұғалім төбелесіп қалды
Фото: Бейнеден кадр
Сәуір айында Қосшыдағы мектептің бірінде екі мұғалім төбелесіп қалды. Мұғалімдер полицияға арызды мамыр айында жазған, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жетінші арнаның» мәліметінше IT пәнінің мұғалімі Бекарыс Жақсыбаев әріптесімен амандаспақ болған. Бірақ ол дөрекі жауап қайтарған.
«Мен тек амандасқым келді. Бірақ байқамай әріптесімнің бетін қолыммен қағып кеткен сияқтымын. Ол кейін спортзалға шақырды. Мен бардым, сол жерде ол бетімнен ұрды», – деді мұғалім.
Кейін оның жақ сүйегі сынғаны белгілі болды. Бекарыс Жақсыбаев Астанаға келіп ота жасатқан.
Ал тарих пәнінің мұғалімі Ильяс Ибрагим өзі соққыға жығылғанын айтады. Әрі ешкімді ұрмағанын алға тартты.
«Мен ешкімді ұрған жоқпын. Керісінше, мені ұрды. Дене шынықтыру мұғалімдері бізді ажыратқанша мені соққыға жықты. Мұрным сынған, ізі әлі бар. Бетім түгел көгеріп қалған еді», – дейді ол.
Лицей директоры Өркен Шахметов жағдайдың бұлай ушығатынын білмеген. Сол үшін полиция да, жедел жәрдем де шақырылмаған көрінеді. Директор педагогикалық кеңес өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылында жетінші сынып оқушысы сыныптастарының соққысынан кейін миы шайқалып, ауруханаға түсіп қалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық