Қосшыда 1,2 млрд теңгелік депо құрылысы қаңтарылып тұр: Бектенов мердігерді ауыстыру қиын емес деп қорқытты
видеодан скриншот
Премьер-Министр Олжас Бектеновке Қосшы қаласын дамытудың бас жоспары табыс етілді. Тұсаукесер барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов премьер-министрге бірнеше жылдан бері мердігерлердің қаладағы өрт сөндіру депосының құрылысын аяқтай алмай жатқанына шағымданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Келісім бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған нысан құрылысына 1,2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Арада төрт жыл өтсе де жұмыстың 60 пайызы ғана орындалған.
Мердігер құрылыстың аяқталмай қалуын қаржыландырудың жоқтығымен түсіндіреді.
Оған Олжас Бектенов қосымша қаржы қарастырылмайтынын, тек жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілген қаражат шегінде ғана қарастырылғанын айтты.
«Осы бюджет шегінде құрылыс саласыз. Ешқандай баға көтеру болмайды дедім. Қаламасаңыз, басқаларды әкелеміз. Енді осы ақшаға құрылыс жүргізетін мердігерлерді әкелгенімді қалайсыз ба? Қажет болса, ауыстырамыз, «жоқ, біз оны қаламаймыз, бұл ақша бізге жетпейді» дейсіз. Басқаларды табамын, шешемін, бірақ нысан пайдалануға берілуі керек. Құрылысты бітірмесең, әңгіме басқаша болады», – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр мердігерден жұмысты тезірек аяқтауды талап етір, әйтпесе келісім-шарт бұзылатынын ескертті.
Бүгінгі таңда Қосшыда ресми түрде 59 мыңға жуық адам тұрса, тұрғындардың нақты саны есеп бойынша 100 мың адамнан асады.
30 мың тұрғынға есептелген инженерлік желілерге үлкен жүктеме түсіп отыр. 2038 жылға қарай халық саны 150 мыңға жетеді деп болжануда.
Жаңа бас жоспар аумақты кеңейтуді, жаңартылған функционалдық аймақтарды бөлуді, сондай-ақ инженерлік-көліктік инфрақұрылымды жаңғыртуды көздейді.
Жаңалықтар
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді