Қосшы тұрғындарының талабын елемеген экс-басшы Степногорск қаласына әкім болды
Фото: insagram/ stepnogram
Ақмола облысының Степногорск қаласының әкімі ауысты. Жаңа әкім болып Гайдар Қасенов тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа әкім Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент әкімшілігімен келісе отырып және мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындалды.
«Бүгінде қала әкімінің жылыту маусымындағы басты басымдығы әлеуметтік нысандар мен тұрғындарды жылумен үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету», — деді жаңа әкімді таныстырған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов.
Сонымен қатар, Степногорск қаласының әкімдігіне инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлік саласын дамыту, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы бойынша нақты жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
Айта кетейік, көктемде Қосшы тұрғындары су мен жарықтың жоқтығынан наразы болғанын жазған болатынбыз. Ал сол кездегі қала әкімі Гайдар Касенов тұрғындарға қаладағы мәселелерге жауап бермек түгілі, тұрғындардың өтініштерін де елемей қойған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық