«Көшпенділердің көлікпен сапары»: Бір отбасы Атыраудан Парижге жетті
Коллаж Orda.kz
Атыраудан көлікпен шыққан отбасы Париждің Триумфальды аркасының қасына жетті. Бұл көліктің иесі – Атырау тұрғыны, «Atyrau Nomads» клубының негізін қалаушы Ерік Шыныбеков. Оның отбасы Франциядағы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшыларды қолдау үшін ұзақ сапарға шыққан болатын.
Өткен жылы Ерік пен отбасы Түркияға 17 күндік сапар жасады. Осы жолы олар Олимпиада өтетін Францияға баруды шешті. Наурыз айында құжаттарды жинап, сәуірде визаға өтініш берді. Екі аптадан кейін виза мақұлданып, олар көлікті дайындады.
Шыныбековтердің көлігі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының суреттерімен безендірілді. Астрахань, Грозный, Магас, Кутайси, Батуми, Трабзон, Сибас, Кападокия, Алания, Анталия, Петхие, Чанаккале, Стамбұл өңірлерін басып өткен отбасы күніне 600 шақырымды еңсеріп отырған. Парижге жеткенде, Қазақстан елшілігі оларды қарсы алып, саяхат туралы сюжет түсірді. «Atyrau Nomads» клубында мыңнан астам саяхатшы бар, олар алыс сапарларға шығып отырады.
Еске сала кетейік, этнограф Владимир Дальдың тұжырымдауынша «Nomad» сөзі «көшпелі өмір сүретін ел» деген мағынаны білдіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық