Қошмамбет соты: Жәбірленушілердің адвокаты шыққан үкім жеңіл екенін айтты
Фото: Видеодан алынған кадр
Алматы облысы Қаскелең қаласының Қарасай аудандық сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты, Қошмамбет кентінде болған азаптауға байланысты соңғы сот өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот былтыр қыркүйекте басталған. Күдікті полицейлерге «Лауазымын асыра пайдалану» және «Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар» баптары бойынша айып тағылған. Іс бойынша үш елден 44 азамат жәбірленуші деп танылған еді. Күдіктілер 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 24 жәбірленушінің адвокаты Гүлнәр Жуасбаева сот шешіміне пікір білдірді.
«Оларға ұйықтауға мүмкіндік бермеген. Түнімен ұрып-соққан. Бірақ медициналық көмек көрсетпеген. 3 күн бойы не су, не тамақ бермеген. Әжетханаға да шығармаған. Бұның бәрі азаптауға жатады», - дейді адвокат.
Гүлнар Жуасбаева қорлық көрсеткен адамдардың көп екенін, бірақ оның алтауы ғана сотталғанын айтты.
«Сот үкімі шықты. 98 адамды азаптағандар саны сотталғандардан 3 есе көп. Бірақ оның алтауы ғана сотталып жатыр», - деді ол.
Жаңалықтар
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған