Қошмамбет соты: Сотталған полицейлердің туыстары адвокаттарды айыптап отыр
Фото: Видеодан алынған кадр
Алматы облысы Қаскелең қаласының Қарасай аудандық сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты, Қошмамбет кентінде болған азаптауға байланысты 6 полицей сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотталушылардың туыстары сот шешімімен келіспейді. Олар ұлдарының сотталғанына адвокаттарды кінәлап отыр.
«Әділетті Қазақстан бар деп осы уақытқа дейін айтып келеміз. Мен баламды қанша жыл оқыттым. Елдің қорғаушысы бол дедім. Қорғайды деп сендім. Қорғап келе жатыр деп ойладым. Қаңтар кезінде сіз де, біз де баламызды үйде күтіп отырдық. Өйткені балаларымыз үкіметті қорғады. Қираған мүліктерді қорғады. Жан-жақтан 20 мың террорист келді деп бізді сендірді. Оны сендірген кім? Оны сендірген үкімет. Көз алдымда бүгін балам жазықсыздан жазықсыз сотталып кетті. Мына жерде олардың қорғаушылары 10-20 млн теңге қалтамызға басамыз деп, өздеріне қарама-қарсы айғақ айтты. Бірақ мен баламды осы уақытқа дейін үкімет қорғауында отыр деп есептеймін. Қаңтар кезінде менде жүрдім. Енді әділетсіздікке душар болып отырмыз. Мен қазір ешкімге «балаңызды Отан қоруға жіберіңіз» деп айтқым келмейді», - дейді сотталушының анасы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық