Қошмамбет қасіреті: Жұманов пен Тотыбаевтың соттағы уәжі
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы Қаскелең қаласы маңындағы Қошмамбет ауылында болған оқиғаға қатысты сот жалғасын тауып, Orda.kz журналистері сот отырысын әлі де бақылап келеді.
19 қараша күні өткен сотта куәгер ретінде тек қана айдау қызметі батальонының взвод командирі – Жұманов Шыңғыс Серікқазыұлынан жауап алынды.
Сот барысында Шыңғыс, Берік Әбілбековтен басқа сотталушыларды танымайтынын жеткізді.
10 қаңтар күні не болды?
Адвокат Серік Жұмановтан 2022 жылдың 10 қаңтар күні жұмыстарында не болғанын сұрады.
10 қаңтар күні Қошмағамбет ауылына батальон бастығы жіберді. Сол жердегі адамдарды Алматы қаласына алып келу керек болды.
Кешке қарай 16:00-17:00-дерде. Бізге бастықтың нұсқауымен оларды Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізу керек болды. Мен келген уақытта сол жерде ІІМ-нің рұқсатымен бір жігіт жүрді. Түрі таныс, атын ұмытып қалдым. Қателеспесем, Максим болуы керек. Ұлты орыс. Келдік, Максим бізді күтіп алды. Максимге айттым: «басында 10 адам барады» дегем. Кейін 2 адам бармайтын болды да қалған 8 адам баратын болды. Қолында қағаз, дәлірек айтқанда іс-құжаттары, оның ішінде құжаттар мен телефондар болды. Барлығы пакетке оралған. Адамдарды қабылдап алдық та физикалық тексерістен өткіздік. Дене жарақаттарын толық тексеріп шықтық.
Тұтқындарды Алматы қаласының ПД-не жеткізу үшін екі қызметкер жібергені айтылды. Сондай-ақ Жұманов айғақтарды өзімен бірге алып кеткенін де мойындады.
Адвокат жәбірленуші Жарылқасын Ахметовтың барлық құжаттарын, дәлірек айтқанда көлік жүргізу куәлігін, ұялы телефон және тағы басқа құжаттарын Бауыржан Сопақов алып қойғанын айтты. Бірақ Шыңғыс Жұманов Бауыржан Сопақовқа бетпе-бет көргенде танымайтынын, оны мүлдем көрмегенін мәлімдеді.
Жоқ, мен бұл адамды танымаймын. Ол жерде тек қана Максим мен қасында белгісіз бір жігіт болды.
Адвокаттың тұтқындардың заттарын не істегені туралы сұрауына куәгер толықтай жауап берді.
Ол жерде көп заттар болды. Тұтқындардың барлық дүниесін Алматы қаласы Полиция департаментіне апардым, жетінші қабатқа. Менің қателігім – түбіртек алмадым. Яғни «қабылданғаны» туралы қағаз алмадым.
Адвокат Ахметовтың жауап алу кезінде жалған ақпарат таратқанын мәлімдеді. Оның айтуынша Шыңғыс Жұманов Жарылқасын Ахметовтың жеке заттарын толығымен тексерген болса, Бауыржан Сопақовтың оған еш қатысы жоқ. Жұманов ол заттарды Максим есімді тұлғадан алған және оны Алматы қаласы полиция департаментіне апарып берген. Сөз соңында адвокат Жарылқасын Ахметовті жалған ақпарат бергені үшін жауапкершілікке тарту керектігін айтты.
Жауап алу кезінде Жұманов тұтқындарда ешқандай дене жарақаты болмағанын және ешқандай қызметкерге шағымданбағанын айтты. Ал қабылдау орталығында Максимнің басшылық жасап жүргенін жеткізді.
Қабылдау орталығында Максим басшылық жасап жүрді. Формада болмады, еркін киініп алған. ІІМ-де ОПЕР қызметін атқарып жүрген. Максимнің жанында тағы бір орыс жігіт болған, нақты есімде жоқ. Ол толықша келген, ал Максим арықтау, бойы ұзын. Мен кіргенде үстелде отырды сосын маған ненің қайда екенін түсіндірді. Біз барғанда тұтқындардан жауап, ондай ештеңе алған жоқ, жай ғана отырды. Сондай-ақ тағы 2-3 адам жүрген еді, бірақ оларға мән берген жоқпын.
Куәгер Жұманов тағы да құжаттарды пакетке салып, байлап апарып берген қайталап айтты. Тізімді де сол баяғы Максим жасаған. Куәгер Максиммен алғаш көрісіп тұрғанын айтты, бірақ белгісіз «Максим» атты тұлғаның жеке куәлігін көрсеткен, көрсетпегені туралы нақты есінде жоқ. Өз сөзінде Жұманов СПА-ға кіргенін тілге тиек еткен еді, алайда ол жерде де ешкім физикалық зорлық-зомбылықтың, қанның ізін көрмегенін жеткізді.
19 қараша күні өткен сотта Болат Тотыбаев денсаулығына байланысты сотқа қатыспады. Сот жалғасы 21 қарашаға қалды.
Тотыбаев не дейді?
21 қараша күні Болат Тотыбаев Қаскелеңдегі Қарасай аудандық сотына куәгер ретінде келді. Камераға адамдарды қамаған оның қызметкерлері екенін растады, сондай-ақ қолдарында әрі кетсе тапанша болғанын айтты. Болат Тотыбаев Арлан Шойбековтің тергеушілердің арасында болғаны немесе болмағаны туралы нақты есінде жоқ екенін, алайда Шойбектовтің болуы мүмкін екенін айтты.
Шойбеков Арланның болғанын нақты айта алмаймын, бірақ болуы мүмкін.
Сондай-ақ Болат Тотыбаев Олжас Айдархановтың сол кезде тәжірибеден өтіп жүргенін, бірақ тәжірибеден өтіп жүрген тұлғаларға саусақ ізін алу, тұтқындарды кіргізіп, шығару сынды тапсырмалар бермегенін жеткізді.
Ол тәжірибеден өтіп жүрді-ау деймін. Саусақ ізін алуды білмейді ғой олар, әлі жұмысқа кірген де жоқ дұрыстап.
Болат Тотыбаев СПА-дағы инструктажды жүргізген ҰҚК қызметкерлері екенін айтты. Сондай-ақ бұл іске ҰҚК-ның қатысы бар екенін де тілге тиек етті.
Тағы да қайталап айтамын, барлық іс Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қатысуымен болды. Олар адамдарды алып келді және олар сол адамдардың ісіне қызығушылық танытты.
Өз сөзінде ол ілеспе хатқа қол қоймағанын, ол қағаз туралы ештеңе білмейтінін де жеткізді. Бірақ ол құжаттарда Тотыбаевтың қолы жүр. Болат Тотыбаев 7 қаңтардан 8-не қараған таңғы 4:00 шамасында СПА-да болған. Алайда СПА-дан Берік Әбілбековты көрмеген.
Берік Әбілбеков екеуміз қабылдау бөлмесінде кездестік. Оның өзінде біз жай ғана амандастық. Мен кіріп бара жатқанда олар шығып бара жатқан.
Болат Тотыбаевтың сөзінше, Қошмамбет сотының Қарасай полиция басқармасының бұрынғы бес қызметкері – Серік Тұрпанбаев (басшының бұрынғы орынбасары), Нұрсұлтан Хамитов, Бауыржан Сопақов, Арлан Шойбеков, Олжас Айдарханов және Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбековтердің біреуіне де шағым түспеген және барлық шешім Астанадан келіп отырған. Тотыбаевтың қол астындағы қызметкерлер жай ғана әскер ретінде басшыларының айтқанын істеген. Істі Департамент басшылығы мен ІІМ бақылауда ұстап отырған.
Барлық шешім Астанадан қабылданды. Басқарма басшылығы сонда болды, жұмысты Ішкі істер министрлігі бақылады. Ол жерде біз жай ғана сарбазбыз, менің қызметкерлерім сарбаз сияқты болды, олар бізге бұйрық береді, біз орындаймыз.
Сондай-ақ Тотыбаев тұтқындарға тамақ апарғаны жайлы да айта кетті.
Тамақтандыруға келсек, әкімдік, менің ойымша, осы жұмысты істей бастады. Мен әкіммен полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне тамақ беруге келіскенмін. Ал әріптестерімнің жартысынан көбі блокта болған және мен де сонда болдым. Біз ол тамақтарды тұтқындарға апарып бердік.
Оның айтуынша 9 қаңтардан кейін тұтқындарға тамақ беріле бастаса, 9 қаңтарға дейін оның қызметкерлері шамалары келгенше өз тамақтарын тұтқындармен бөлісіп отырған.
Жаңалықтар
- Халық сенген қайырымдылық алаяқтыққа айналған ба?
- Қытай елімізде АЭС салуға ниетті
- Белсенді Нұрбол Өнерханды полиция ұстап әкетті
- Назарбаевтың Ақтаудағы резиденциясы мешітке айналады
- Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен шеттетілді
- Шерзат Полаттың ісіне қатысты тергеу аяқталуға жақын
- Қазақ футболының деңгейі: Астана – Челси ойыны
- Атырауда 10 айлық бала салғырттық салдарынан ажал құшты
- Перизат Қайраттың мүліктері бұғатталды
- «Челси» жанкүйерлері Алматыда Борат баннерімен көзге түсті
- Сот залында қолын кескен қыздың ісіне қатысты тың ақпарат
- Енді Назарбаев және оның отбасының денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады
- Жетісуға келген Тоқаев №30 мектепке автобус сыйлады
- Малибуда орман өрті жалғасуда: мыңдаған тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр
- Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны уақыт белдеуіне қатысты үкіметке қарсы шықты
- Шерзаттың өлімі: Айтбек Амангелді полиция берген ақпаратты жоққа шығарды
- Атырауда жылу құбырынан екі адамның мәйіті табылды
- Солтүстікте ондаған ауыл жойылып кету алдында тұр
- Қырғызстанда ТЖМ-ның бұрынғы басшысы қолға түсті
- Halyk еліміздің 6 өңірінде журналистерге семинар-тренинг өткізді