Көше тазаламаған Талғар әкіміне 39 мың теңге айыппұл салынды
Фото: Егемен Қазақстан
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі азаматтардың жолдарды қар мен мұздақтан уақтылы тазартпау туралы арыздарына байланысты Талғар көше-жол желісінің жай-күйін тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тәртіп сақшыларының мәлімдемесіне сәйкес, тексеру барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін автожолдарды қысқы жағдайда дұрыс ұстамау фактілері анықталды.
«Материалдарды қарау нәтижесі бойынша Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы мен оның орынбасары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 631 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды» деп жазылған хабарламада.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңге болды. Сәйкесінше, 10 АЕК айыппұл - 39 320 теңге.
Оған қоса жолдарды қысқы күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйымдар ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл сала отырып, шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны айтылған.
«Қабылданған әкімшілік ықпал ету шаралары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған. Жолдарды қысқы күтіп ұстау сапасын бақылау күшейтіледі», деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы облысында өзенді ластаған әкім мен жер иесі жазаланған болатын. Алматы облысының прокуратурасы тексеріс ұйымдастырып, өзеннің шын мәнінде қоқысқа айналғанына көз жеткізді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық