Қошанов Тоқаевқа мәжілістің қазіргі заң шығару қызметі туралы айтты
Президент мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Ол мемлекет басшысына мәжілістің қазіргі заң шығару қызметі туралы баяндады.
Ерлан Қошановтың айтуынша, кейінгі екі айда мәжіліс 18 заң қабылдап, сенаттың қарауына жіберген. Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, цифрландыру, ғылым, бизнес жүргізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қон мәселелері секілді құқықтық нормаларға түзетулер енгізілген.
Қазіргі уақытта депутаттар Бюджет, Су, Құрылыс кодекстері, сондай-ақ бірқатар маңызды заң жобалары бойынша бір мезетте жұмыс жүргізіп жатыр. Енгізілген әрбір жаңа өзгерісті сарапшылар мен жұртшылық кең көлемде талқылайды, палатаның барлық іс-шарасына бұқаралық ақпарат құралдары мен мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кедергісіз қатыса алады.
Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысына Amanat партиясының жұмысы туралы мәлімет берілді. Кездесуде азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған президенттің бастамаларын іске асыру шеңберінде әзірленген партияның "Ауыл аманаты", "Жер аманаты", "Қарызсыз қоғам" жобаларына ерекше назар аударылды. Барлық жоба халықтың нақты мәселелерін шешуді көздейді және оларды қоғам қызу қолдап отыр. Мәселен, "Жер аманаты" жобасы аясында екі жыл ішінде 10 миллион гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды. Қаңтар-ақпан айларында "Қарызсыз қоғам" жобасы бойынша 15 мың адам қаржылық сауаттылықты арттыру курсынан өтті. Жыл соңына дейін тағы да 750 мың азаматты оқыту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар президентке депутаттардың парламенттік дипломатия бағытындағы қызметі туралы ақпарат берілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық