Қос азаматтығы бар қазақстандық елден шығарылды
Армения азаматтығын алғанын жасырып келген Батыс Қазақстан облысының тұрғыны елден шығарылды.
Бәйтерек ауданының №2 сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен («Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік іс қаралды.
«2024 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекара қызметкерлері азамат Г.-ның қос азаматтығын анықтады. Ол 2023 жылы Армения Республикасы азаматтығын алған және заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу бұл фактісі туралы хабарламаған » делінген хабарламада.
Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу қажеттілігі туралы білмегенін түсіндірді. Айыппұлды төлей алмағандықтан, айыппұл салмауды өтінді.
«ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламау – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабарлаусыз 200 АЕК, немесе Қазақстан Республикасынан әкімшілік шығарып жіберу көзделген. Сот қаулысымен Армения Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы шегінен шығарылды» деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық соты.
Атап өткендей, қаулы күшіне енді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық