«Қоршаудың арғы жағында қайыршыдай тұрды»: Астанада тылда еңбек еткен ардагерді парадқа кіргізбеді
Фото: Orda.kz
Желіде Астанада өткен әскери парадқа баруға тырысқан кеудесінде медальдары бар қарияның бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл азамат — Қазақстандағы ең егде нейрохирургтердің бірі, медицина саласының еңбек сіңірген қайраткері, тыл еңбеккері Теңдік Изақов екені анықталды. Бейнежазбада астаналықтар күзетшілерден ардагерді өткізуін сұрап жатқаны естіледі. Алайда күзетшілер мұны істей алмайтындарын айтқан.
Изақовты өткізбеген қызметкерлердің әрекеті қоғамда қатты сынға ұшырады. Желі қолданушылары ыза болып, пікір жазып, ұйымдастырушылардан түсініктеме беруін талап етті. Парадқа жауапты Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, ардагерлер тізімін олар жасамаған:
«Мұның бізге қатысы жоқ. Ардагерлердің тізімін біз жасамадық. Оны әкімдік жасаған болуы керек».
Министрлік Теңдік Изақовтың нақты Ұлы Отан соғысының ардагері емес екенін айтады. Алайда бұл өрескел қателікті ақтай алмайды. Себебі трибунада Ұлы Отан соғысына қатысқандардан бөлек, азаматтық салада еңбегі сіңген тұлғалар мен құрметті азаматтар да отырған.
Шенеуніктер тыл еңбеккерінен кешірім сұрады
Бүгін, 8 мамырда Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб пен ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов Изақовқа барып қайтты.
Олар да, Қорғаныс министрлігі сияқты ардагерлердің трибунаға өтуі үшін алдын ала туыстарынан өтініш қабылданатынын айтып, тізім сол негізде жасалғанын түсіндірді. Изақовтың отбасы өтініш түсірмеген соң, ол тізімге енбей қалған.
Әкімдік өкілдері болған жағдай үшін кешірім сұрап, тыл еңбеккерін 9 мамыр күні өтетін салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне арнайы шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық