«Қоршаудың арғы жағында қайыршыдай тұрды»: Астанада тылда еңбек еткен ардагерді парадқа кіргізбеді
Фото: Orda.kz
Желіде Астанада өткен әскери парадқа баруға тырысқан кеудесінде медальдары бар қарияның бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл азамат — Қазақстандағы ең егде нейрохирургтердің бірі, медицина саласының еңбек сіңірген қайраткері, тыл еңбеккері Теңдік Изақов екені анықталды. Бейнежазбада астаналықтар күзетшілерден ардагерді өткізуін сұрап жатқаны естіледі. Алайда күзетшілер мұны істей алмайтындарын айтқан.
Изақовты өткізбеген қызметкерлердің әрекеті қоғамда қатты сынға ұшырады. Желі қолданушылары ыза болып, пікір жазып, ұйымдастырушылардан түсініктеме беруін талап етті. Парадқа жауапты Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, ардагерлер тізімін олар жасамаған:
«Мұның бізге қатысы жоқ. Ардагерлердің тізімін біз жасамадық. Оны әкімдік жасаған болуы керек».
Министрлік Теңдік Изақовтың нақты Ұлы Отан соғысының ардагері емес екенін айтады. Алайда бұл өрескел қателікті ақтай алмайды. Себебі трибунада Ұлы Отан соғысына қатысқандардан бөлек, азаматтық салада еңбегі сіңген тұлғалар мен құрметті азаматтар да отырған.
Шенеуніктер тыл еңбеккерінен кешірім сұрады
Бүгін, 8 мамырда Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб пен ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов Изақовқа барып қайтты.
Олар да, Қорғаныс министрлігі сияқты ардагерлердің трибунаға өтуі үшін алдын ала туыстарынан өтініш қабылданатынын айтып, тізім сол негізде жасалғанын түсіндірді. Изақовтың отбасы өтініш түсірмеген соң, ол тізімге енбей қалған.
Әкімдік өкілдері болған жағдай үшін кешірім сұрап, тыл еңбеккерін 9 мамыр күні өтетін салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне арнайы шақырды.
Жаңалықтар
- Иран келіссөздерге делегация жіберу мәселесін әлі қарастырмағанын мәлімдеді
- Жетісу облысында болған жол апатынан 11 адам ауруханаға түсті
- Мұхтар Шаханов өмірден өтті
- АҚШ делегациясы Иранмен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысу үшін Исламабадқа келді
- Алматыда 200-ден астам тұрғын құлағалы тұрған үйлерінен жаңасына көшті
- Almaty Half Marathon-на әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам адам қатысты
- Қазақстандық спортшылардың осы аптадағы жетістіктері
- Астананың көлік жүргізушілері эвакуатор шақыру мен арнайы тұрақ ақысын өздері төлейтін болды
- Иран СІМ: Еуроодақтың өзі АҚШ пен Израильдің әскери қылмыстарын қолдап отыр
- Атырауда бөтен құжатпен 19 несие алған адам сотталды
- Солтүстік Қазақстанда 7,7 гектар орман алқабы өртенді
- Алматыда жол бойында өсіп тұрған ағаш автокөліктің үстіне құлады
- Сарбаздар мен әскери қызметшілерге телефон қолдануға рұқсат берілді
- Маңғыстауда жауған нөсер мен дауылдан жүздеген жылқы қырылды, ұсақ мал да бар
- КХДР Жапон теңізі бағытына бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды — БАҚ
- Украина Назарбаевқа арналған барельефті алып тастамайтын болды
- Қазақстан премьер-лигасы матчында «Қайрат» өз алаңында «Каспийді» жеңді
- Киев көшесінде өтіп бара жатқан адамдарға оқ жаудырған кісі алты адамды жер жастандырды
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады