Корпоративтік кештен қашқан шенеуніктер видеоға түсіп қалды
Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде Түркістан облысы білім басқармасының жаңа жылдық корпоративтік кешінен түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде таралып жатыр.
Otyrar.kz мәліметіне сәйкес, видеода бір топ адам дәмханалардың біріне жиналып, мерекені тойлап жатқанда, кенеттен полиция мен блогерлер басып кірген. Блогерлер мен полицейлерді көрген қонақтар беттерін бүркеп банкеттен асығыс шыға бастайды.
Видео авторы мектептер мен балабақшаларда ертеңгілікке тыйым салынғанымен, шенеуніктердің корпоративтік іс-шаралар өткізіп жатқанына наразы.
Бейнежазбаның авторы Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Рахымбек Жолаевтың корпоративтік кешінен қашып бара жатқанын түсіріп алғанына сендіреді. Кадрда ер адамның көшеде оператордан қашып, көлікке мініп, кетіп бара жатқанын көруге болады. Алайда облыстық білім басқармасы видеода Рахымбек Жолаевтың жоқ екенін мәлімдеді.
– Бұл видеодағы басқарма басшысы емес, теріс ақпарат. Кафеге келсек, иә, онда қызметкерлер жиналды, оларға сертификаттар берілді. Басшы сәл аялдап, құттықтап, кетіп қалды. Ешкім карантиндік шараларды бұзған жоқ, - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы.
Кейін корпоративтік кештің видеосын түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған қоғам белсенділері сотқа тартылатыны белгілі болды. Белсенділерге қарсы арызды Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері жазған.
Шенеуніктер видео мемлекеттік қызметкерлердің беделіне нұқсан келтірді деп отыр. Өйткені, санитарлық талаптар бұзылмаған. Ведомство өкілдерінің айтуынша, банкет заңды түрде ұйымдастырылған, мейрамханаға небәрі 50 адам жиналған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық