Коронавирустың жаңа толқыны наурызда болады - Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері

cover

Наурыз айында Алматыда инфекцияның жаңа толқыны шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты.

«Барлық фактілер Omicron штамының халық арасында жылдам таралып жатқанын және жақын арада Delta штамының орнын басатынын көрсетеді. Ал біз бұрын болжағанымыздай, КВИ келесі толқынының шыңы наурыз айында күтілуде. Оптимистік болжамға сәйкес, жылы наурыздың ортасында – күніне 2,5 мың жағдайға дейін, ал пессимистік болжам бойынша, наурыздың басында күніне 3,8 мыңға дейін инфекция жұқтырылады деп күтілуде» деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Еске салсақ, Алматы үшінші күннен бері «қызыл» аймақта. Тек соңғы 24 сағатта 1115 инфекция жағдайы анықталды. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, қалада «омикрон» коронавирусының штамы таралады.

Осыған байланысты Алматыда карантин күшейтілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар