Коронавирустың таралу деңгейі 35 пайызға төмендеді - Цой
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы екі аптада Қазақстанда коронавирустың таралуы 35 пайызға төмендегенін айтты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Өткен аптада Қазақстанда аурушаңдық деңгейі 14 пайызға төмендеді, 31 мың адамнан 25 мыңға дейін қысқарды. Аурудың тұрақты төмендеуі байқалады, - деді министр үкімет отырысында.
Ол аурудың оң динамикасы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында көрсетілгенін айтты.
– Соңғы екі аптада республиканың 5 облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті, олар: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Түркістан облысы «жасыл» аймақта орналасқан. Қалған 11 облыс «қызыл» аймақта, - деді Цой.
Министрдің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасы ауруға шалдыққандармен салыстырғанда сауығып кеткен науқастардың санының артуын көрсетеді. Соңғы аптада сауығып кеткен науқастардың саны аптаның ішінде аурушаңдыққа қарағанда 1,5 есе көп.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық