Коронавирустық төтенше жағдайға қарамастан Токиода Олимпиада өтеді
Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар қалада Covid індетіне байланысты төтенше жағдайдың жарияланғанына қарамастан, халықаралық спорт жарысы өткізілетінін айтты.
Дегенмен Жапонияда Олимпиада өткізуге деген қарсылық күннен күнге арта түсуде. Тұрғындар халықаралық жарыстың коронавирус инфекциясының таралуына себеп болатынынан қауіптенеді.
— Спортшылар мен Жапония халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жоспарымыздың бәрі ең нашар деген сценарийлерге негізделген,- дейді Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) вице-президенті Джон Коутс.
Ол «Олимпиада ойындары Токиодағы төтенше жағдайға қарамастан өткізіле бере ме?» деген журналист сауалына ол «Әрине, өткізіледі» деп қысқа жауап берді.
Токиодағы Халықаралық Олимпиада ойындарының басталуына тоғыз апта ғана қалды. Бұл жарыс 2020 жылы өтуі тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты ойын бір жылға шегерілген.
Жапония коронавирус індетінің төртінші толқынымен күресіп жатыр. Екпе науқаны баяу болғандықтан, халықтың біраз бөлігі Олимпиаданы биыл өткізу жоспарына сенімсіздікпен қарайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық