Коронавирус пен соған ұқсас пневмониямен 947 адам тіркеліп, 7 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте (16 желтоқсан) Қазақстанда коронавирус дерті ПТР арқылы расталған 788 адам, ал осы инфекция белгілері бар пневмониямен 159 адам тіркеуге алынды, оның ішінде 7 адам қайтыс болды.
Covid бойынша статистикаға сүйенсек, Ресеймен шекаралас солтүстік және шығыс аймақтарда эпидемиялық ахуал күрделеніп тұр. Өткен тәулікте Павлодар облысында 88 адам, Қостанайда - 70, Шығыс Қазақстан облысында - 69, Солтүстік Қазақстан облысында 65 адам ауруы ПТР-мен расталып, тіркелді.
Басқа аймақтарда вирус жұқтырғандар едәуір аз.
Коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомоствоаралық комиссия ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте Covid-тен 746 адам, ал пневмониядан 158 адам емделіп, ауруханадан шыққан.
Жалпы ел бойынша осы уақытқа дейін коронавируспен ауырғандар саны 144 523 адамға, ал соған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны 44 314 адамға жетті. Пневмония көрсеткіштері биылғы 1 тамыздан бастап саналады.
Ресми мәлімет бойынша, коронавирус пен белгілері соған ұқсас пневмониядан 2 613 кісі көз жұмды, қалғандары емделіп шықты. Дәл қазір 25 мыңға жуық адам емделуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық