Коронавирус адамды ерте алжытады: ғалымдар себебін анықтады
Фото: ашық дереккөзден
Калифорния университетінің (Дэвис қаласы) ғалымдары SARS-CoV-2 вирусы адам миына тез еніп, Альцгеймер ауруына ұқсас бұзылыстарды тудыратынын анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл Genomic Press (GenPress) журналында жарияланған зерттеуде айтылды.
«Зерттеу барысында COVID-19-дан қайтыс болған науқастардың көздің қарашығы (тор қабығы) тіндері мен дің жасушаларынан өсірілген зертханалық торлы органоидтар талданды. Ерекше назар вирус жасушаға ену үшін пайдаланатын екі ақуызға – нейропилин-1 (NRP1) және ACE2 ақуыздарына аударылды» деп жазылған зерттеуде.
Сараптама нәтижесінде NRP1 ақуызы вирус жұқтырған науқастардың нейрондары мен глия жасушаларынан көп табылған. Бұл вирус миға көз арқылы енуі мүмкін деген гипотезаны растайды.
Тіпті COVID-19-ға дейін алжу (деменция) белгілері болмаған адамдардың өзінде аурудан кейін бета-амилоид деп аталатын ақуыздың жиналуын байқаған. Бұл ақуыз нейродегенеративті өзгерістермен, соның ішінде Альцгеймер ауруымен байланысты.
Сонымен қатар зерттеу кезінде NRP1 ақуызына тосқауыл қоятын препарат қосылғанда, бета-амилоидтың жиналуы тоқтағаны байқалды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық COVID-19-дан кейінгі «ақыл тұмандану» және басқа да неврологиялық әсерлерді болдырмауға бағытталған жаңа емдеу әдістерін әзірлеуге жол ашады.
Бұған дейін Ұлыбританияда жаңа коронавирус штаммы тарап жатқаны, оған тән ерекше симптомдар бары хабарланған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық