Коронавирусқа қарсы вакцинаның кері әсеріне қандай шара бар?
Коронавирусқа қарсы егілген вакцина кері әсер беріп жатса, не істеу керектігі туралы «Астана медицина университеті» қалалық жұқпалы аурулар орталығының бөлім меңгерушісі Зәуреш Смағұлова кеңес берді, деп жазады ORDA.
Маман ондай жағдайларға алгоритм қарастырылғанын айтады.
«Әрине, қандай болса да, вакцина енгізілгеннен кейін кері реакция болуы әбден мүмкін. Ондай жағдай болып тұрады. Нақты алгоритмі де бар. Вакцинациялаумен айналысатын дәрігерлер ол алгоритмді жақсы біледі және көмек көрсете алады», - деді дәрігер ОҚК-де өткен онлайн-брифингте.
Оның айтуынша, вакцинадан кейін дене қызуы көтеріліп, тұмау көріністері байқалуы, әртүрлі бөртпелер де пайда болуы мүмкін.
«Бірінші топ - жалпы реакциялар. Мысалы, дене қызуы, тұмаудың көріністерінің байқалуы. Екінші топ - денедегі нақты өзгерістер. Вакцина енгізілген жердің қызаруы, қышуы мүмкін. Вакцинадан кейінгі әсердің түріне байланысты әртүрлі көмек көрсетіледі. Қызуы көтерілсе, қызуды төмендететін препараттар беру. Вакцина салған жерде реакция болса, көбінесе ешқандай дәрі-дәрмек тағайындамаймыз. Ол вакцинациядан кейін болатын реакция деп саналады. Ондай әсердің кер көрсеткіші жоқ. Жалпы температурасы жоғарыласа, әрине ондай жағдайларда қабынуға қарсы препараттарды береміз», - деді Смағұлова.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация 1 ақпанда басталатынын хабарлағанын естеріңізге саламыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық