«Қорқытқым келді»: Атырауда төбелеске араласқан әке жігіттің құлағын кесіп алды
Фото: freepik.com
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылында екі жігіттің арасында болған төбелес ушығып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі жас жігіттің арасында жанжал шығып, екеуі төбелесе жөнелген. Төбелесте біреуі жеңіліп қалған. Жеңілген баланың әкесі іске араласып, ұлын жеңген жігітті «әңгімелесуге» шақырған.
Ер адам жас жігітті тек қорқытуды көздеген. Бірақ қақтығыс барысында ер адам жігітке күш қолданып, құлағының бір бөлігін кесіп алған.
Зардап шеккен 24 жастағы жігіт шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Оған хирургиялық операция жасалды.
«2 қаңтарда Қызылқоға ауданының Миялы ауылында болған оқиғаға қатысты «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында 49 жастағы күдікті өз ұлы (25 жаста) мен 24 жастағы жәбірленуші арасындағы жанжалға араласу кезінде ас үй пышағымен жәбірленушінің сол жақ құлағына жарақат келтірген», — деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Айта кетейік, Атырау облысында екі полиция қызметкеріне қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық