«Қорғас ісі»: Қожамжаров командасының тағы бір өкілі сотталды
Фото: freepik.com
Бұрын Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің (ЭСЖҚКА / АБЭКП) тергеушісі болған, экс-финпол басшысы Қайрат Қожамжаровтың командасында жұмыс істеген Жандос Әріп «Қорғас ісі» бойынша материалдарды қолдан жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қорғас ісіне» қатысты тағы бір үкім бүгін, 29 желтоқсан күні шықты. Бұрынғы қаржы полициясының тергеушісі Жандос Әріп «Қорғас ісіне», дәлірек айтқанда, оны қолдан өршітуге байланысты құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Тергеу мәліметінше, 2011–2012 жылдары қаржы полициясына жаңадан қызметке тұрған тергеуші Әріп ҰҚК-нің жоғары лауазымды қызметкерлері – Талғат Жақаев пен Ирлан Абдрахмановты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін дәлелдер жинаумен белсенді айналысқан. Қаржы полициясының қызметкері басшылықтың тікелей нұсқауын орындай отырып, Алматыдағы мейрамханалардың бірінен алынған бейнежазбаларды қолдан жасаған. Ол бейнелерде «ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі», сыртқы экономикалық қызметпен айналысқан кәсіпкер Талғат Қайырбаев ҰҚК қызметкерлерімен кездескендей етіп көрсетілген.
Ал шын мәнінде ол жерде басқа адамдар болған.
Сонымен қатар, биллинг деректері мен іссапар құжаттарына сәйкес, Жақаев пен Абдрахманов ол кезде Алматыда болмаған. Алайда қаржы полициясы бұған қарамастан, өз істерін жалғастыра берген. «Контрабандистердің ҰҚК қызметкерлерімен байланысы бар» деген ақпарат президент Назарбаевқа жеткізіліп, сондай-ақ, БАҚ-та таратылған. Бұл жайт ҰҚК офицерлерін ұстау мен қамауға себеп болды. Оның үстіне, Жақаев пен Абдрахмановтың ол жерде болмағаны анықталғаннан кейін де, соттар тергеу органдарының өтінішімен олардың қамауда ұстау мерзімін қайта-қайта ұзартқан.
Іс 2023 жылы қайта қозғалып, 2025 жылы сотқа жеткен. Медеу аудандық соты Әріпті кінәлі деп танығанымен, ол істің мерзімінің өтуіне байланысты нақты жаза алған жоқ.
Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шешімімен елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік жоғары наградаларынан айырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық