Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысындағы тікұшақтың құлау себебін мәлімдеді
Фото: ҚР ТЖМ
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағы Ақтөбе облысындағы Сарыжар ауылы маңында оқу-жаттығу ұшуын орындап жатқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Бортта үш экипаж мүшесі болған, олардың біреуі қайтыс болды, екеуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіледі.
«Авиациялық оқиғаның алдын ала себебі - техникалық ақау. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Оқиға орнында ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеп жатыр.
«Қарулы Күштер басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Олардың туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі» делінген хабарламада.
Ақтөбе облысында 9 қараша, сенбі күні жаттығу жұмыстарын атқарып жатқан тікұшақта төтенше жағдай болды. Тікұшақ апаттан кейін өртеніп кетті. Құтқарушылар өртті сөндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық