Қорғаныс министірлігі әскерде комаға түскен сарбазға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро
Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызметте болған Ербаян Мұхтарға қатысты мәлімдемеде қорғаныс министрлігі аталған әскери күштік құрылымдағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды делінген.
Бұл туралы қорғаныс министірлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың жарақат алғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты мынаны түсіндіреміз. Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз», хабарлады қорғаныс министірлігі.
Халық арасында резонанс тудырған бұл жағдайға байланысты қарапайым халықтың бастауымен сарбаздың еміне деп анасына 139 млн теңгеге жуық қаражат жинап бергені жайлы әлеуметтік желіде жарияланған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін әскерде жүріп, бас жарақатын алған қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтардың 6 айдан бері комада жатқаны туралы жазған едік. Бұл іс бойынша 440-бабтың 4-тармағының 3-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- Алматыда LRT құрылысы басталады: Момышұлы көшеcінде қозғалыс шектеледі
- Алматыда өрт сөндіру қызметіне кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуациялана бастады. Бейнежазба
- «Маған қызымды қайтарып берсін»: Әл-Фараби апатына қатысты істе жаңа жәбірленуші 100 млн өтемақы талап етпек
- Асқар Ақаев: Садыр Жапаров тағы бір мерзімге қалуы тиіс
- Қазақстан мен Черногория президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
- Үкімет жасанды интеллект жүйелерінің қазақ тілінде сапалы жұмыс істеуіне күш салады
- «Қызымның сүйегін өзім жинадым»: Томиристің әкесі сотта жауап берді
- 110 күнге созылған блокададан кейін Ормуз бұғазы арқылы алғашқы танкерлер өте бастады
- Жанәбіловтерден тәркіленген көліктер аукционға шығарылды
- Әлемдегі ең ұзақ тікелей әуе рейсі 2027 жылы іске қосылады
- БАӘ-де 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
- Жамбыл облысында лауазымын пайдаланып, ірі алаяқтық жасаған екі бұрынғы полицей сотталды
- Түркістанда полицейлер қауіпті кортежді тоқтатып, ықтимал жол апатының алдын алды
- Пезешкиан АҚШ-пен жасалған меморандумды «тарихи құжат» деп атады
- Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрін меморандумға қол қойылуымен құттықтады
- Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған полицей Ақтөбеде жаңа қызметке тағайындалды
- ҚР СІМ: Қазақстан босқындардың жаппай ағылуына жол бермейді
- «Алдымда өмір бойы түрме күтіп тұр»: Атыраудағы төрт адамның өліміне қатысты сотта 70 миллион теңге талап етілді
- Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 33 млрд теңге бөлінді
- «Жағдайы жақсы отбасы»: Министр жұрт іздеген курьер әйел туралы пікір білдірді