Корейлік МҚҰ BNK Finance Қазақстанда банк мәртебесін алады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Finance Kazakhstan кореялық микроқаржы ұйымын екінші деңгейлі банкке айналдыруды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Ақорда.
«Бүгін банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа құжат инвестициялардың сақталуына мониторинг жүргізу тәртібін реттейтін болады. Елімізде «BNK Finance Kazakhstan» кореялық микроқаржы ұйымы жұмыс істейді. Мен оны екінші деңгейлі банк ету туралы шешімді қолдаймын», - деді Тоқаев.
Қазақстан мен Корея ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып келеді. Кореяның жоғары оқу орындарында екі мыңнан астам қазақстандық жастар білім алуда. Қазақстан техникалық мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөледі, оны корейлік әріптестер де қолдады. Ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде Түркістан қаласында Корей университетінің филиалын ашу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы елдер мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстандағы корей диаспорасы өз тілінің дамуына қолдау көрсетіп, екі елде де тұрақты түрде мәдени іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Қазақстан азаматтары Кореяға 30 күнге дейін визасыз бара алады, жақын арада Астанадан Сеулге тікелей рейс ашылады. Ұшу санының артуы елдер арасындағы байланысты нығайтады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 12 маусымда Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёлді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөздер жүргізіп, Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысады. Бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады. Соның бірі – Астанада оңтүстіккореялық компанияның биофармацевтикалық зауытының ашылуы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық