Қордан дорбалап ақша жымқырды деген Перизат Қайраттың артында кімдер тұр?

cover Коллаж: Orda.kz

Biz Birgemiz Kazakhstan қорының басшысы Перизат Қайраттың ұсталуы күн сайын жаңа мәліметтермен толыға түсуде. Ол 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілініп, қаржылық мониторинг агенттігі оның сол ақшаға қымбат заттар сатып алғаны туралы мәлімдеген болатын. Orda.kz қор мен оның басшысына қатысты басқа да қызықты жайттарды анықтады.

Orda.kz дереккөздерінің мәліметі бойынша, Перизат Қайрат тек қаржы жымқыру және мақсатсыз жұмсаумен ғана емес, алаяқтық жасады деген айыпқа да тап болуы мүмкін. Жалпы алғанда, белсенді 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркілеуі мүмкін.

Аталған баптар бойынша қылмыстық іс қозғау үшін ауқымды тергеу жүргізілуі керек. Атап айтқанда, қордың қызметіне аудит және мониторинг жүргізілуі қажет, мұнымен ҚМА айналысқан. Қор мемлекеттік емес жекеменшік болғандықтан, ол мемлекеттік аудит нәтижелерін жыл сайын өз сайтында жариялап отыруы тиіс еді.

Скриншот Orda.kz
Скриншот Orda.kz

 Алайда, Biz Birgemiz Kazakhstan қорының сайтында аудит нәтижелері мен есеп жарияланбады. Басты бетте тек қордың шотына ақша аударуды ұсынатын батырма бар, ол сайттың әр бетінде пайда болады.

Бұл қандай қор және онымен кімдердің байланысы бар?

Көптеген адамдар Перизат Қайраттың қорын Halyk Bank құрған Birgemiz қайырымдылық краудфандинг платформасымен шатастырады. Biz Birgemiz Kazakhstan атауының сенімділігі жоғары платформаға ұқсас болуы кездейсоқ емес.

Скриншот Orda.kz
Скриншот Orda.kz

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тек қор басшысын ғана назарға алған, бірақ жағдай өзгеруі мүмкін. Перизат Қайратпен бірге тағы 9 құрылтайшысы бар қордың басқа мүшелеріне де сұрақтар туындауы әбден ықтимал.

Скриншот с Учёт.kz
Скриншот с Учёт.kz

Ондағы қөптеген адамдар «AMANAT» партиясымен байланысты болғандықтан, ұйым партияның «Biz Birgemiz» қорының құрылтайшысы еместігін түсіндірді.

«2023 жылдың сәуір айында су тасқыны кезінде «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Белсенділер мен еріктілер гуманитарлық көмек жеткізуге атсалысты, бұл көмек көптеген қайырымдылық ұйымдары, соның ішінде «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық қоры арқылы жиналды», — деді партия өкілдері.

«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық қоры 2021 жылдың қазан айында құрылды. Перизат Қайрат өзінің парақшасында қайырымдылық көмектің, соның ішінде қайық, киім-кешек және азық-түлік жеткізілгені туралы жиі хабарлап отырды. Алайда, қаржылық есептер мен қайырымдылық туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жарияланбаған. Қордың Instagram парақшасы екі миллиард теңге жиналғаннан кейін, 29 сәуірдегі соңғы жазбадан бері жаңартылмапты.

Скриншот Orda.kz
Скриншот Orda.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі қор басшысының күмән тудыратын банк операциялары мен сән-салтанатқа құмар өмір сүру салтын байқаған секілді. Агенттіктің мәлімдемесінде қымбат дүниелерді сатып алғаннан бөлек Перизат Қайрат достары мен туыстары арқылы 8% комиссиямен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

Біздің дереккөздеріміздің бірінің айтуынша, іс барысында көктемгі табиғи апат кезінде осы қор арқылы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған белгілі бір кәсіпкерлердің де тізімі бар екен.

«Егер су тасқыны болмағанда, олар оны да ойлап табар еді. Бұл жерде тек себеп ғана қажет болды. Әу баста-ақ олардың жоспарында  қазақстандықтарға көмектесу болмады. Мүмкін, аздаған бөлігі зардап шеккендерге жіберілген шығар, бірақ көп емес», — деді дереккөз.

Қайырымдылық қорының қызметін тергеу барысында Перизат Қайрат басты фигура болмауы мүмкін.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ҰСТАЛДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТТЫ КІМ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАДЫ?

Қор қызметінің былықтары анықталғанда көпшіліктің таңқалғаны анық. Блогер Мадлен көктемде өзі қорға ақша аударып, оқырмандарын да қайырымдылық жасауға шақырғанын айтып, көз жасына ерік берді. Ол енді өз парақшасында қайырымдылық үшін қаражат жинамайтынын мәлімдеді.

Скриншот Orda.kz
Скриншот Orda.kz

Сонымен қатар, блогер Динара Сәтжан да Перизат Қайраттың сән-салтанатқа толы өмірі мен қымбат дүниелерді жиі сатып алатынына таңданыс білдіріпті. Ол бір кездері Перизаттан мұнай ұңғымасын тауып алған жоқ па деп, мысқылдап сұраған екен. Динараның айтуынша, 3 жыл бұрын Перизат Қайрат Динара Сәтжанға Астанада қайырымдылық кешін өткізу туралы өтінішпен жүгінген. Іс-шараның басты мақсаты — елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығын салу үшін қаражат жинау деп түсіндірген.

Динара олар бұл шараға қатысуға келіскен. Кеште «Нұр Отан» партиясының ресми өкілдері де болған, бұл көпшіліктің «Біз біргеміз» қорының аталған партиямен байланысы бар деген қате пікіріне себеп болуы мүмкін. Кейінірек, қалада Перизат Қайратпен кездескенде, Динара бірнеше рет орталықтың тағдыры туралы сұрағанда, Перизат құрылыс мәселелерінің шешіліп жатқанын айтып жауапты қысқа ғана қайырып жүрген.

Биыл көктемде, ауызашарда, Динара Сәтжан тағы да Перизат Қайратпен кездескенде, оның Астанада бірден 2 танымал гүл брендін сатып алғанын естіген. Динараның пікірінше, олигархтардың заңсыз алынған активтерін қайтарумен айналысатын ҚМА-дан мұндай ірі көлемдегі қаражатты – 1,5 миллиард теңгені жасыру мүмкін емес.

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ДЕГЕН КІМ?

Бір жыл бұрынғы Перизат Қайраттың өзі айтқан деректерден дәйек келтіре кетейік. Ақтөбенің 32 жасар тумасы мектепті Ақтауда аяқтаған, ал 2015 жылдан бері Астанада тұрады.

Перизат өз парқшасында Ұлыбританиядағы University of Nottingham университетінің «бизнес-менеджмент» мамандығы бойынша түлегі екенін айтты. 4 жыл бойы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде тұрып, сонда жұмыс істеген. Қазақстанда ол әртүрлі құрылымдарда қызмет атқарған, оның ішінде әкімдік, белгісіз саяси партия және үкіметтік емес ұйымдар да бар.

Скриншот Orda.kz
Скриншот Orda.kz

Перизат Астанадағы Rebel Flowers премиум санаттағы гүл дүкендері желісіне иелік етеді. Дүкендер Talan Gallery және Sensata Park сауда орталықтарында орналасқан. Сонымен қатар, ол отбасының ЖШС-нің бар екендігінің араб елдеріне ет жеткізумен айналысатынын айтқан. Өзін халықаралық тәжірибесі бар белсенді ерікті, қоғам қайраткері және Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының ақысыз негіздегі жетекшісі деп таныстырған. Сондай-ақ, ол Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің қоғамдық кеңесіне де мүше болыпты.

Перизат спорт саласында да көзге түсіп үлгерген. Осыдан бір айға жетпес уақыт бұрын пара үстел теннисі федерациясының президенті болып тағайындалды. Алайда, ұсталуына байланысты бұл қызметтен жедел түрде босатылды. Ұйымның таратқан мәлімдемесінде, ол бұл қызметке өзін-өзі ұсынып келген екен.

«Оның тағайындалған уақытынан бастап ешқандай ресми отырыстар өткізген жоқ, жұмысқа қатысты бұйрықтар мен тапсырмалар берген жоқ. Біз параүстел теннисі мен спортшыларымызға қатысты әрдайым да тек ашықтық пен заңдылық қағидасына сәйкес жұмысымызды әрі қарай да жалғастыра береміз», делінген федерация түсіндірмесінде.

Orda.kz редакциясы бұл оқиғаның алда қалай өрбитінін өз бақылауына алады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар